среда, 22 декабря 2010 г.

«АТАН ӨЛСЕ СОЙЫЛАР, АТАҢ ӨЛСЕ ҚОЙЫЛАР, ЕНДІ МАҒАН МЫНАДАЙ МАТЧ ҚАЙДАН ТАБЫЛАР»…


Қазақтың «Атан өлсе сойылар, атаң өлсе қойылар, енді маған мынадай Қансонар қайдан табылар» дейтұғын мақалын Түркия жағдайына орайластырып «Атан өлсе сойылар, Атаң өлсе қойылар, енді маған мынадай матч қайдан табылар» деп өзгерте аламыз. Иә, атам қазақтың аңшылыққа құмарлығын түріктердің футболға құмарлығымен теңестіруге болады. Футбол болатын күн олар үшін мейрам. Әсіресе Галатасарай мен Фенербахче, Бешікташ пен Галатасарай сықылды күшті командаларының арасындағы кездесулерде билеттер күні бұрын бітіп қалады. Ойын болатын күні базардағыдағылар заттарын әдеттегіден ертерек жинастырып, мемлекеттік қызметтегілер компьютерін ертерек өшіріп дегендей...матчқа асыға бастайды. Айтпақшы, осы жерде түріктердің діндарлығына дау айтатындарға бір дәлел келтіре кетейін. Әр жұма біздің ықшамауданымызда жайма базар жұмыс істейді. Тек жұма күні ғана. Сол базардың саудагерлері жұма намазы басталасымен сатып тұрған заттарының үстін үлгергені матамен жауып, үлгермегені ашық тастап, мешітке қарай асығады. Футбол фанаттары да дәл солай матч уақыты таясымен намаз уақыты кіргендей стадионға асығады. Билет ала алмағандары көшелердегі «чай бахчелерінен» жайлы орын тауып алуға тырысады. Тіптен біз тұратын жатақхана асханасының екінші қабатындағы үлкен экранның алдында да ине шаншар жер қалмай қалады. Оны білетіндер ерте келіп орындықтарға атын жазып кетеді. Әгәрәки олардың орнына отырып қойған болсаң, нәзік жынысты болсаң да кешірім жоқ. Тоқсан минуттық матчты өз кайфымен тамашалау үшін джентльмендігін құрбан етуге бар. Есімде, Фенербахче мен Галатасарай арасындағы кездесу. Матчқа сәл кешігіп келген-тұғынмын. Екінші қабаттың жарығы өшірілген, бәрі экранға телміруде. Отыруды айтасыз, тұрып тұруға орын жоқ. Итеріп-қағып, біреудің аяғын басып, қысылып-қымтырылып жүріп орта тарапқа өттім әйтеуір. Жарық жоқ болса да белгілі, тамашалаушылардың жартысынан көбі сары қызыл түсті шарф, футболка(Галатасарайдың түсі) , ал қалған бөлігі қою көк пен сары түсті(Фенербахче) шарф тағынған. Айтпақшы, матчты тамашалап отырған бөріктілермен көріктілердің саны тең немесе бөріктілер 55 пайыз да, көріктілер 45 пайызды құрайды десем пәлендей артық кетпедім ғой деймін. Нақты санағам жоқ та, бірақ етектілердің де саны аз емес еді сол жерде. Он бірдің әр қимылын қас қақпай қадағалап отырған олар біреуі сәл мүлт кетсе айғайды жаудырады кеп. «Сабри(Сабри Сароғлы) яяяяя, ең құрымаса сен солай жасамашы», «Теп, иттің баласы(жұмсартып аударғаным, әйтпесе түпнұсқасы біраз анайылау)», «Ой, атаңа нәлет Айхан, 35 жасына келген адам, допты қалай тебу керектігін білмейді», «Керемееееееееет, жүгір, жүгір, жылдам, әй, басе, ееееее, қақпаға қарай, қақпаға...ой, итттің күшігі..!» деген секілді айғайдан құлақ тұнады. Мына жақта Фенерліктер де осы тәріздес наразылықтарын жасырып қалмайды.Қақпаға бағытталған доп қиыс кетсе, не мүмкіндікті жіберіп алса, бәрі бір мезгілде орындарынан атып тұрады. Келісіп алғандай. Орындықтарын серпіп лақтырып жіберіп. Алғашында кәдуілгідей тіксінесің, мұнысы несі, жоғалтқан ештеңесі жоқ қой деп. Бірақ бірте-бірте сен де оларға бой үйрете бастайсың. Делебең қозып, сен де алаңда жүргендей, мазаң кетеді кеп. Олар секілді «Арда, ой, мал, аяғыңа түкірейін сеніңңңңңңңң..., өгіз!!!...» деуге шамаң жетпейді, бірақ гол мүмкіндігін қалт жіберіп алғанда сен де қос тізеңді салып жіберіп, «түһ!!!...» деп қайғырып қоясың. Әр матч сайын әдеттерінен жаңылмайды және. Айтпақшы, сол Фенермен Галатасарайдың арасындағы матч тең бітіп, абырой болды. Әйтпесе жеңілген тарап ұрыс шығарар ма еді кім білсін. Мұны да бекер айтып отырған жоқпын. Жақында ел чемпионы Бурсаспор мен Бешікташтың арасындағы матчта жанкүйерлер бүлік шығарып, біразы жараланғаны бар. Бешікташ дегеннен шығады, аталмыш команда стадионына жақын жердегі Кабаташ кеме айлағында қыдырып жүргенмін. Артуымнан бір топ адамның, топ емес-ау жүз қаралы адамның шуылы естілді. Құдай өзі кешірсін, жаназаға кетіп бара жатқандар ма деп ойладым. Сөйтсем, сағат жетіде стадионда командалары біреумен ойнайды екен. Кіммен екені нақты есімде қалмапты. Құлақ сап тыңдасам, «Бешікташлы олмаянлар махфолсын, дефолсын» дейді. Тәржімелесек былай: «Бешікташқа жанкүйер болмағандар құрысын, жоғалсын!!!». Ал керек болса... Фанатизмді дәрежелесек, бірінші орынды осы Бешікташтықтар алады-ау. Өтке қызуқанды. Онан кейінгі орында Фенерліктер. Қандай да бір сауда орнына барып, Галатасарай тауарын сұрай қалсаң, «Галатасарайды қайтесің-ау, Фенердікін ал. Ең күшті команда сол. Театр, кино көңіл көтеру орны емес, нағыз сауық орны Шүкір Сараджаоғлыдааааа(Фенербахче стадионы)» деп өзінікін саған тықпалай бастайды жазғандар. Айтпақшы, тағы бір нәрсені ұмытып барады екем, барған жердің барлығында басқа командалардың тауары сөрелерде шаң басып тұрады да, Галатасарайдың тауарын табу қиынның қиыны. Бұл да халықтың басым бөлігі қай командаға жанкүйер екенін көрсетсе керек.
Биылғы сезонда Трабзонспордың айы оңынан туып тұр. «Қаратеңіз дауылы» ешкімге бет қарататын емес. Соны білген Трабзондық дос қыз маған жақында үйіне барғанда Трабзонспордың кәдесыйын алып келіпті.
Қысқасы, «Әркімдікі өзіне ай көрінер көзіне» дегендей, қанша бағы төмендеп тұрса да өз командасы туралы жылы сөз айта салсаң кез-келген фанат түрік астындағы атын түсіп беруге дайын. Қазір менің қорымда түрік командаларының барлығының кәдесыйы табылады. Міне, командаларына адалдық деген!...

суббота, 18 декабря 2010 г.

Стамбұлда оқып жүр талай қазақ баласы....


Желтоқсан басталысымен Қазақстанда жаңа жылға қарбалас дайындық жүріп жатқанда Стамбұлдық студенттер басты мерекеміз тәуелсіздік күнін ұлықтап, көпке үлгі болды. Қарашаның орта шенінде басталған концертке дайындық елім деген білімгерлердің жанын жай тапқызбады. Үлкен шараны ойдағыдай өткізіп барып қана демдерін алған олар еліміздің ең биік салтанатын өз деңгейінде өткергендеріне мақтанышты. Сондай-ақ концерттен бөлек ел тәуелсіздігіне орай Стамбұлда Түркияның 6 қаласында білім алып жатқан студенттер арасында футбол турнирі өткізілді. Анкара, Измир, Сакария, Кония, Кайсери қалаларындағы білімгерлердің командасы және Стамбұлдағы түрлі университетте оқитын студенттерден құралған екі команда, мұнан бөлек аталмыш шахардағы Фатих университеті студенттерінің командасы, жалпы саны сегіз команда алғашқы орындар үшін таласты. Мұндай шара тек биыл ғана өткізіліп отырған жоқ. Өткен жылы да тәуелсіздік күніне орай өткізілген футбол турнирінде Стамбұл студенттерінен құралған Анзор Гуссейінов бастаған команда жеңісті қолдан бермеп еді, биыл да сол дәстүрден жаңылған жоқ. Құрамында Анзор Гуссейінов(Стамбұл университеті, халықаралық қатынастар), Ербол Молдабеков(Стамбұл техникалық университеті, құрылыс инженерлігі), Азамат Дихаев, Дастан Оспанов, Әкрам Нұршимов(үшеуі де Стамбұл техникалық университеті, мұнай және газ ісі), Сержан Егізбай(Стамбұл техникалық университеті, ұшақ инженерлігі), Нұрдаулет Медеуов(Анкара университетінің Стамбұл филиалы, тіл үйрену орталығы) секілді тісқаққан ойыншылары бар аталмыш команда бұған дейін барлық команданы қоғадай жапырып келе жатқан Фатих Университетінің командасына да, Сайын Жәдиұлы бастаған, Сәбит Мұхамеджанов қостаған Сакария студенттеріне де тегеурінді қарсылық көрсете білді. Әсіресе Сакария Университетімен стамбұлдықтардың арасындағы ойын өте тартысты өрбіді. Іштей стамбұлдықтарға жанкүйер болғанымызбен лайықтысы ұтсын дедік. Басқа командамен ойнағанында Сәбит Мұхамеджановтың аяғына тиген доп дереу қақпаны адаспай тауып жататын. Стамбұлмен ойында Сәбиттің жөнелткен добы қырағы қақпашы Әкрамнан айласын асыра алмай пұшайман болды. Сан түрлі қызықтарға толы турнир кеш қарая мәреге жетті. Ең үздік ойыншы атағына қарсыластар қақпасына 15 гол атқан Анзор Гуссейінов лайық деп танылды. Оқу мен спортты қатар алып жүрген өрелі өрендер қандай құрметке де лайық. Турнир соңы үлкен концертке ұласып, аяқдопшыларымыз Қазақстанның Түркиядағы төткенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев марапаттады.

среда, 8 декабря 2010 г.

Бүгін Самат Смақовтың туған күні




Бүгін еліміздегі нөмірлі бірінші футболшы Самат Смақовтың туған күні. 1978 жылдың 8-желтоқсанында дүниеге келген. Семейдің тумасы. Аяқдопшылық каръерасын жаңылыспасам 1997 жылы «Елімайдан»(1997-1998,2003) бастаған Самат әр жылдары еліміздің «Иртыш»(1999), «Жеңіс»(2002), «Қайрат»(2004-2006), Ресейдің «Ростсельмаш» (2000-2001)командаларында ойнады. 2007 жылдан бермен қарай «Ақтөбенің» ойыншысы. 1997-2008 жылдары ұлттық құрамада ойын көрсетті.
6 рет Қазақстанның үздік футболшысы (2003, 2004, 2005, 2007, 2008, 2009) атанған. Қазіргі таңда ұлттық құрамада ойнамаса да «Ақтөбенің» намысын сырттағы ойындарда қолдан бермей жүргендердің бірегейі. Қазақстан Суперкубогының екі дүркін чемпионы. Қазастанның алты дүркін чемпионы. «GOAL», «PRO СПОРТ Казахстан», «Караван» басылымдарының да бірнеше мәрте жеңімпазы.
Самат ағамызға зор денсаулық, сондай-ақ каръерасына табыс, шабытына шабыс тілейміз.
Осындай талантты, намысқой ұлдарымыз көп болсын дейміз!!!
Көптен бері блогыма футбол жайлы жаңалықтарды жазбадым. Себеп көп-ті. Бастысы жалқаулық. Онан кейінгісі үсті-үстіне келген емтихандар. Және соңғысы 16-желтоқсанға дайындық. Дайындық дегенде, қырып – жойып басында жүрген мен жоқ. Тек сценарий жазасың деген міндетті артқан соң артынып тартынып әр күн кешке қарай сабақтан шыға сап сонааааау Беязиттан Зейтінбұрныға барам, қалам қағазымды арқалап. Сол жердегі дайындығын пысықтап жатқан өзіміздің қазақтармен қауқылдасып, қалжыңдасып, бір кешті өткіземіз әйтеуір. Күнде осы. Айтпақшы, бұл графикке суббота күні өзгеріс енеді бірақ. Галатасарайдың матчына үлгеру үшін кейде дайындыққа бармай қалам, барған күндерімде ерте қайтам. Ал Барселонаның матчы бар күні түгел бүтін күнге рұхсат аламын. Обшым, осылай. Байқаймын, Барселонаның Реалмен болған матчы жайлы да ештеңе демеген сияқтымын. Кеш те болса деп қояйын. Түрікшелесем, гүзәлді! Чок гүзәлді. Бүгүне кадар онун гиби зевкли бир матч излемедим дееееееееп кеткенсің ба:-). Жоқ, расында да матч өте керемет болды. Біреумен бәстестім бе, жоқ па есіме түсіре алмай қойдым, бірақ есеп дәл олай болады деп үш ұйықтасам түсіме кірмеді. Тамаша голдар!!! Барселона Реалды тырп еткізбеді ғой тіпті. Аяқтарына доп бермеді. Әй, енді, ол Барселона ғой енді!!! Дегіңіз келіп отырғанын білем. Иә, мен де соны дейін дегем.

Өткеееееееен жазбаларымның бірінде ГС-лық Арданың Бешікташпен ойнайтын матчқа шығатынын айтқан ем. Өтірікші болдым. Түріктің сайттары өтірікші қылды мені. Бешікташтан жеңілдік. Өткен апта Қасымпашамен ойнадық. 3-0 қылып жеңдік. Қазір тоғызыншы орындамыз. Әлі де үміттіміз, көреміз енді. Үмітсіз шайтан деген. Айтпақшы, «Заман» газеті Арданың алдағы Генчлербірлігімен ойнайтын матчқа шығатынын айтады. Сендік.

Әзірге осы. А, айтпақшы, негізгі жаңалықты ұмытып барады екем. Бүгін Барсаның Рубинмен матчы бар еді. Бірақ...(аузыма келген лас сөзді жұта салайыншы)түрік каналдары көрсетпейтін болыпты. Бурсаспор мен Ренджерс ойнайды екен де. Екеуі де Түркия уақытымен сағат 21.45-те екен. Және чемпиондар лигасын тек бір-ақ канал көрсететін еді. Сөйтіп, Барсаның матчын көре алмайтыныма пұшайман болып отырған жайым бар. Интернеттен көрейін десем, біздің общаганың тасбақа уай-файымен мой мирге бір сағатта әрең кіресің, матч көрмек тұрғай...

воскресенье, 28 ноября 2010 г.

Али Сами Йенде Бешикташпен бетпе-бет.

Қазір үш сағаттан кейін Әли Сами Йен стадионында Түркияның екі дәуі Галатасарай мен Бешикташ командалары кездеседі. Ел чемпионатында чемпиондық тәжден алыстай бастаған екеу үшін де ұпай ауадай қажет. Қазір алдыңғы орында Трабзонспор тұр. Онан кейінгі орында Бурсаспор. Бешикташ алтыншы ма еді, жоқ сегіз… есімде жоқ. Бірақ біріншілктен біраз алыстау әйтеуір. Галатасарай болса, оныншы орында. Бешикташқа қарсы ойнайтын он бірдің ішінде Арда Тұран тағы жоқ. Өкінішке орай...

Айтпақшы, футболды стадионның өзінен көргім келген. Билет бітіп кетіпті. Алыпсатарларда бар көрінеді. Бірақ ең нашар жерінің өзі жиырма мың теңге. Ал жақсы жерлері алпыс мыңңңңңңңң...........
Түнде чемпиондар лигасында «Валенсияға» қарсы ойнаған «Бурсаспор» 6-1мен жеңіліс тапты. Ойын туралы пәлен дей алмаймыз. Тек қазіргі ел чемпионы 5 ойыннан әлі бір де бір ұпай ала алмады. Команданың бас бапкері Сағлам Ертұғрұл болса, аяқдопшыларын жұбатып бағуда.
Түрік халқында «Ішкен жегенің өзіңде қалсын, көрген-білгеніңді баянда» дейтұғын сөз бар. Онысы ішкен жегеніңді айтпа да, көрген білгеніңді айт дегені. Сол секілді тоғыз күн Құрбан айт мейрамында Күтахия, Ыспарта, Ұшақ қалаларында көргенімді еш қоспасыз баяндайын сіздерге.

Күтахия Түркияның Оңтүстік бастысындағы шыны, порселенімен атақты қала. Ыспарта болса, Еуропа ғалымдары Бедуиззаман атап кеткен ғалым, ойшыл, түрлі діни кітаптардың авторы Сайд Нұрсидің туған жері. Сондай-ақ бұл қала раушан гүлімен де атақты. Мәселен Алматының символы апорт болса, Ыспартаның символы раушан гүлі. Ұшақ дейтұғын қала алдыңғы екеуінен кішілеу, бірақ Ыспарта мен Күтахияға жапсарлас жатқан қала. Бұл жер Тархана дейтұғын сорпасымен танылған.

Аталмыш қалалардағы сапарымыз Құрбан айтпен тұспа-тұс келгендіктен «Құрбан байрамының» Түркиядағы салтына да куә болып қайтқан жайымыз бар. Біз 1-қаңтар, яғни Жаңа жылға қалай дайындалсақ, бұлар Құрбанға дәл солай дайындалады екен. Әр үйде қарбалас. Айт намазы оқып болысымен барлық үй қасапханаға айналады. Қалалардағы көпқабатты тұрғын үйлердің маңы да. Жаңа сойылған еттен олар да біз секілді қуырдақ дайындайды, бірақ атын «кавурма» деп атайды. Соған ұқсас «гүвеч» дейтұғын тамақтары және бар. Құрбан сойылып бітісімен кішілері үлкендерінің үйіне «байрамлашмаға» барады. «Байрамлашмақ» сәлемдесу деген сөз. Балалары әкелерінің үйіне, немерелері аталарының үйіне барып, қолып сүйіп амандасады. Қол сүюден басқа тағы бір салт бар, жастары қарайлас әйелдер, қыздар қол сүйіп амандаспайды әуелі бет сипайды да, онан соң төс түйістіреді. Сонан соң әрқайсысының алдына ыстық тамақ немесе баклава мен шай келеді. Ер адамдар бөлек бөлмеде, әйел кісілері бөлек бөлмеде отырып, шай ішеді немесе тамақ жейді. Айтпақшы, кішкене түрік балалары біздегі жарапазан секілді әр үйге кіріп тәтті жинайды. Оны барлық жерде «Байрам шекері», ал Күтахияның Симав дейтұғын жерінде «лүп-лүп» деп атайды. Ал біз секілді жасы үлкендеріне ақша береді.

Қысқасы, осылайша бір күнде бес-алты үйді, үш күнде он бес-жиырма шақты үйге кіріп шығады. Әрине, кез-келген үйге кірмейді. Ет жақындарына, көңіл жақындарына, дос жарандарына, т.б.

Ұмытып барады екем, бізде көбіне жаңа жылда беретін «премияльныйды» түрік халқы Құрбан айтта береді.

Біз көрген жайттар осындай, жазатын нәрсе әлі бар, бірақ көп созып дәмін қашырмай, нүктесін қояйын. Қалғанын алдағы жазбаларда баяндай жатам.
Осы жексенбіде болатын чемпионаттың кезекті ойыныны Галатасарай мен Бешікташ арасындағы кездесуде ГС капитаны Арда Тұранның доп тебетіні белгілі болды. Жарақатына байланысты Фенербахчемен болған ойынға қатыса алмай тордағы арыстанның күйін кешкен Арда Бешикташ кездесуінде алаңда атой салар деп үміттенеміз. Чемпиондық атақтан үміттерін үзе бастаған Галатасарайдың жаңа жаттақтырушысы Хаджи Мисимовичты ойыннан тыс қалдырды.

Осы, туды құрметтеуді түріктерден үйрену керек-ау бізге...

Бұрындары НТВспор дейтұғын спорттық каналдағы «спор ашкы», яғни спортсүйер дейтін бағдарламаға қатысатынбыз. Әншейінде атын гәзиттен оқитын түрлі спорт жұлдыздарын бетпе-бет көріп, мәз болушы ек. Соңғы кездері бағдарлама әкімшілігінен шақырту келмей қалды. Себебін сұратсақ, бір топ ябанжы (шетелдік деген сөз) студент Түркияның туын аяққа таптап жатқанын бұлардың оперативті любитель операторлары видеоға түсіріп үлгеріпті. Ары қарайға әңгіме бағдарлама туралы емес, ту турасында. Жалпы, түрік халқы туға өттте құрметпен қарайды. Кез-келген ғимаратының төбесінде, тіптен жатақханадағы қыздардың кейбірінің терезесінде ай жұлдызды қызыл ту ілініп тұрады. Ту мен Ататүріктің суреті олар үшін ең қадірлі зат. Өткен жылы бір оқиға болды. Біз жаңадан кеп Чемберлиташ жатақханасына орналасып жатқанбыз. Біздің қыздардың бірінің төсегінің тұсындағы қабырғада Ататүріктің суреті ілініп тұрған көрінеді. Ол қыз ұйықтап жатқанда үстіме құлап кетер деп алып, елеусіз бір жерге қоя салған ғой. Сөйтсе, түрік қызының біреуі біздің қыздардың есікке жапсырып қойған тудың суреті бар «Рахат» конфетінің сыртын жұлып тастапты. Неге десек, сендер неге Ататүріктің суретін алып тастайсыңдар дейді. Намысшылын қара… Өткен жылы бізде, яғни Қазақстанда тудың суреті бар ішкиім сатуға түсіп, көп шу болған соң сатылымнан алынды деп оқыған ем, сатып алуға үлгергендер де бар екен. Осы жазда жағажайда бір-екеуін ұшыраттым. Осы жазда бір құрбым Америкаға work and travelмен барған еді, Американың туы бар рәзіңке тәпішке киіп келіпті. Дәл Американың өзінен...

Осы, туды құрметтеуді түріктерден үйрену керек-ау бізге...

Қазақшасы түпнұсқасынан да жақсырақ...

Александр Сергеевич Пушкин

Я вас любил: любовь ещё, быть может,
В душе моей угасла не совсем;
Но пусть она вас больше не тревожит;
Я не хочу печалить вас ничем.
Я вас любил безмолвно, безнадежно,
То робостью, то ревностью томим;
Я вас любил так искренно, так нежно,
Как дай вам Бог любимой быть другим.

қазақшасы:

Мен сізді сүйіп едім, мүмкін әлі
Сүйемін. Баурағансыз ұнап бірден.
Қос тағдыр қосылмаса кім кінәлі
Ал сізді айыптаудан жырақпын мен.
Үмітсіз сүйдім, сосын үздім әнді
Сан жұтып қызғаныштың кекті демін.
Өзіңіз ұнатқан жан сізді мәңгі
Дәл мендей сүйіп өтсін деп тіледім. (аударған Ф. Оңғарсынова)

түрікшесі:

Seviyordum sizi: bu aşk belki
İçimde sönmedi bütünüyle;
Fakat üzmesin sizi artık bu sevgi;
İstemem üzülmenizi hiçbir şeyle.

Sessizce, umutsuzca seviyordum sizi,
Kâh ürkeklik, kâh kıskançlıkla üzgün;
Bu öyle içten, öyle candan bir sevgiydi ki,
Dilerim bir başkasınca da böyle sevilin(аудармашысын білмеймін)

среда, 10 ноября 2010 г.

Қайдан шықты бұл футбол!!!

Біздің қазақ «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып құйрық жеген озар» дейтін-ді. Бірақ мақалдардың (жоғарыдағы мақалға жата ма, жоқ па білмеймін бірақ) да заман өте өзгеріске түсіп тұратыны бар. Сол секілді доп ойнағанның да тозып емес, озып тұрғаны рас. 11 аяқдопшы бір доптың соңында болса, бүкіл дүние сол 11 аяқдопшының соңында. Дөңгеленген дүниені басқа ойын дәл футболдай экранға байлай алмайды(Бірақ дүние жүзі тек қазақтардан тұратын болса, телерейтингте бірінші орынды футбол емес, түрік сериалдары алар еді:)))))))

Енді осы аяқдоп ойындары қайдан шықты, соған шолу жасап көрелік...

Аяқпен ойналған доп ойындарының тарихы ежелгі шумерлерден бастау алатын көрінеді. Мысырдан да табыттың қабырғаларынан аяғымен доп тепкен адам сықпытты суреттер табылған. Тіптен біздің заманымызға дейін 2500 жылдық тарихы бар диамерті 7,5 болатын, теріден және зығырдан жасалған доптардың кейбірі бүгінге жеткен, солардың біразын музейден де кездестіруге болатын көрінеді. Гомердің «Одиссейінде» де доп ойындары туралы айтылады. Орта Азия түріктерінде де қыз бен жігіт аралас команда құрып, допқа қол тигізбей, тек аяқ және баспен ұру арқылы қарсы команданың қақпасына кіргізуді мақсат еткен ойындар ойналғаны деректерде бар. Ішінде Мақмұт Қашқари да бар бірнеше тарихшының кітабында түркілер ойнаған «Тепүк»атты ойын жайлы сөз етілген. Бұл ойынның ережелері қазіргіге өте жақын. Ойынға қолды қатыстыруға тыйым салынған және доп алаңның тысына шықпауға тиіс-тін. Ал қазіргі футболдың негізі Римдік әскерлер арасында ойналған «harpastum» атты ойын көрінеді. Ал Еуропада футболдың тарихы әлі талқыланып келеді. Француздар, италиялықтар және британдықтар мұны меншіктеп алғылары бар. Өз мемкекеттерінен басқа мемлекеттерге тарағанын айтады. Өркениеттің түрлі кезеңдерінде түрлі формамен көрінсе де, фут-ойындардың қазіргісіне ең жақыны ХVII ғасырда Ұлыбританияда туылған деп санайды енді бір зерттеушілер.1848 жылы Ұлыбританияда Кэмбридж университетінде студенттер арасында ойналған ойында әр команда тек 11 кісіден шығара білген. Осыдан бермен қарай футбол 11 кісімен ойналатын көрінеді.

Қағыс естимін деп...

Ақыры ашылдым ғой, соңына дейін ашылайын:). Универ жайлы айтқанда еріксіз осы жағдай есіме түседі. Сегізінші наурызға жақын күндердің бірі. Екінші курс болуы керек ұмытпасам. Біздің факультеттің балалары журфактың үшінші залында мейрамға арнап концерт қойды, ішінде КВН-ы бар, өте қызықты өтті. Содан шығып келе жаттық, қасымда Гүлфат, Нұрзада деген құрбыларым бар. Жасырып не қылайын, журфакта маған ұнайтын бір бала бар-тұғын. Соны көрсем, әшейінде ауыз жаппас басым, жер шұқиды да қалады. Сонымен, оны көрмес үшін өзіміздің этажбен өтіп түсейікші деп өтініш жасадым қыздарға. Көріп қалуым ықтимал ғой әйтпесе. Бірақ біздің қыздарға қызық керек, көнбей қойды. Амал жоқ журфакпен, екінші этажбен, дәлірегі этаждан түсіп келе жаттық. Қыздар қатты сөйлей бастады, мен жай сөйлеулерін өтіндім. Қырсықтар: «Не, Пәленшиев Түгенше естіп қалады деп қорқасың ба?»-деп бұрыла беріп еді(әрине, атымен атады), дәл алдымыздан Түгенше шығыыыыыыыып келе жатыр. Тірідей өлтірді мыналар мені!.. Дым болмаған кісідей сәлемдесіп өте беріп ем, «мейрамыңмен!!!» дегендей болды. Бірақ мейрамға әлі ерте-тін. Бесі ма сондай әйтеуір. Бірақ сол мейрамға арналған концерттен шыққан маған сегізі басталып қойғандай көрінген. «Рахмет!!!»-дедім мен де мәз боп. «Рахмет??? неге?»деп сұрады ол. «Енді, мейрамыңмен деген жоқсың ба?»-десем, «Жоқ, медианетке кетіп барасың ба? деп сұрадым»-дейді. Есі бар кісі шыдар тұра алмас еді, құрбыларым жатып қалды. Менде күлер шама жоқ...

Эххххх, курстық жұмыс...

Универде жүргенде жазу жұмыстарына келгенде жалқаудың жалқауы мен тұғынмын. Курстық жұмыс дегендерді бір күн (дәлірегі бір түн) қалғанда жазуға отырам, ұйықтамай түнімен жазам, таңертең қорғаймын. Біздегі ұқыпты, пысық қыздар бұндайды бір ай бұрын жазып дайындап қоятын.

Сондай курстық жұмыстың бірі Гүлжан Болатова деген апайдың сабағынан-тұғын. Сабақтың аты ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Дәлірегі, қазақ әдебиетінің тарихы деген сабақ, тек біз әр семестр соның бір кезеңін оқимыз. Үшінші курс. Бірінші курсқа келгенде старшактардан сұраймыз әуелі, анау апай қандай, мынау ағай қандай деген сияқты… Олар бізге сипаттайды. Солардың ішінде Тасымов, Берікбай ағай(егер кф-қазақ филологиясы болсаң) және осы Гүлжан Болатованың аты көбірек аталатын-ды. Осылардың сабағынан қалма дейтін. Гүлжан апай расымен қатал, сұсты, оқымасаң баллды аз қойып, рубежкада зарлатады. Бірақ мен Гүлжан апайдың жиені Ақботамен бір сыныпта оқығанымды айттым әу бастан. Ақботаның һәм өзіне, һәм бізден бір сынып төмен оқитын інісіне математикадан бір адамдай көмектескем. Сонымды алға тартып біраз еркін жүрдім. Басқалар сияқты Өмірхан ағайдың кітабын түгелімен жаттағам жоқ. Сонымен, сол Гүлжан апайдың сабағынан курстық жұмыс берген-тұғын. Тақырыбым Қазақ драматургиясының қалыптасу тарихы. Біздің кітапханада жөнді кітап жоқ екен. Академиялық кітапханаға бардым, қорғаудан бір күн бұрын. Бағыбек Құндақбаевтың театр сынына қатысты кітабын, тағы бір екі авторды үйге сұрап алдым. Сосын сағат алтыда медианетте сабағым бар-бар-тын, соған қатыстым. Сөйтіп жатақханаға сағат тоғызда оралдым. Шай ішіп, газет ақтарып, қыздармен сөйлесіп… сағат түнгі бір болды. Сосын жаңағы курсовойды жазуға отырайын. Іздесем кітаптарым жоқ. Медианетте қалып қойды ма деп куратор Ботаға звондаймын, ештеңе қалмады дейді. Құрыған жерім осы шығар. Таңертең сағат онда қорғау. Бәрінен бұрын кітапхананың кітаптарын айтсайшы… Өзіміздің кітапхана емес, білдей академиялық кітапхана… Амалым құрып медианеттегі группаласым Балжанға звондадым, түнгі бір жарымда. Сөйтсем жатақханаға келгенде автобустан өзім түсіппін да, кітаптарым қалып қойыпты. Бақытыма орай Балжан менен екі аялдама кейін түсетін, сол көріп, алыпты да, менікі екенін біліп, өзімен алып кеткен екен. Қуанышымда шек жоқ, курсовойымды жазып, өткізіп, бес алған адамдай жеңілдеп қалдым. Ол маған таңертең тоғызды әкеп беретін болды. Онда қорғау. Нешауа, бірдеңе қылармыз, бастысы кітар табылды. Таңертең сегізде корпусқа бардым. Тоғызда Балжан келді. Екеуміз шай іштік. Айтпақшы, ұмытып барады екем, қорғау екіге ауыстырылыпты. Жыртық үйдің құдайы бар дейсің бе, іздегенге сұраған дейсің бе, әйтеуір бар нәрсе менің орайыма шешіліп жатты. Онда біздің оқырман залына кірдім да, сағат бірге дейін қырық бет курсовойды жазып біттім. Пайдаланған әдебиеттерге өзім білетін барлық жазушыны тізіп жазып бердім. Сонымен курстық жұмыс дайын. Сағат екіде салып ұрып аудиторияға барсам, бәрі тапсырып тастапты. Беріп үлгердім бірақ. Гүлдан апайым әдебиеттер санына қарады да, бәрі дұрыс қой Серікқызы?-деді. Ұялып жатар шама жоқ, басымды изедім. Міне, өстіп бір курстық жұмысымды болатын күні жазғаным бар.

понедельник, 8 ноября 2010 г.

Бүгін дүйсенбі сағат екіде еді сабағым. Соған асықпай келдім дегеннің өзінде екі сағат ерте келіппін. Төртінші қабаттағы интернет бөлмесіне кіріп, он.кз, аламан.кз-ты ақтарып екіні күттім. Тура екіде ANFİ-A-ға(дәріс болатын аудиторияның аты) барсам, ешкім жоқ. Жоқ емес-ау, анаааааааау төр жақта бір түрік студент отыр екен. Содан «сабақ болмай ма не?»деп сұрасам, «жоқ, емтихан ғой бүгін»дейді. Жүрегім тас төбеме шықты. "Қай жерде?" десем, "қазір, сағат екіде, осы аудитрорияда" деп жауап қатты. Ал керек болса. Дүние дөңгеленіп жүре берді. Сосын, «осы сен екінші курссың ба?»деп сұрасам, үш екен. Жүрегім орнына түскендей болды. Жүгіріп барып астыңғы қабаттан емтихан кестесін қарадым. Шығып қойыпты. Қуануға орай жоқ, бұл сабақтың емтиханы ертең екен. Өткен апта түгел сабаққа келмегенім енді есіме түсті. Сол сабақта ескерткен болуы керек ұстазымыз.

Сонымен, ертең бакалаврдың студенттерімен бірге оқитын «Ақпарат және құжаттарға қол жеткізу»(Bilgi ve belgelere erişim) деген сабақтың емтиханы. Алғашқы емтихан. Дұға етіп қойыңыздар бауырлар!!!
Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады деген рас-ау… Кеше Ақтөбе чемпиондық тәжден айырылды. Бүгін Галатасарай Трабзонспордан жеңілді. Рас, Трабзонспор оңай шағылар жаңғақ емес, десе де, ГС-ның жеңетін мүмкіндігі бар еді, өздері құртты. Серветтің қателігі.

Шіркін, Арда тезірек қосылса ғой ойынға...
Кеше кешкісін (Ыстамбұл уақытымен) Ермұхамед Мәулен бауырым смс жазады. Мой мирдегі достарымның ішінде бар болғаны және бір факультетте оқығанымыз болмаса ортақ әңгімеміз жоқ-тын. Бірақ спорт.кс-та істегенін білем, сырттай тілекші боп жүретін едім. Сол кеше агенттен смс жазғанында еш шүбәсіз дереу АҚТӨБЕнің жеңісімен құттықтайын деген болар деп ойладым. Бірақ… керісінше жеңіліспен "құттықтады". Құттықтадыны тырнақшаға алмауым керек еді негізі, өйткені тура мағынасында құттықтады. Бірақ ала салдым (сөзді көбейтпейін ары қарай)...

Cонымен, Ақтөбе чемпиондық тәжді «Тобылға» берді. Уақытша. Бір қызыыыыық… непривычно....(Біздің қыздардың әдеттен тыс, оғаштау нәрсеге қолданатын сөздері). Иә, уақытша. Бір-ақ жылға. Менің бір досымның:«Кешке бір досымды ертіп шығам. Оның да аузы аққа, қолы қызға тисін, подруганды ілестіре шық »дейтіні бар еді, сол секілді Тобылдың да аузы аққа, қолы қызға, ой кешіріңіз, чемпиондыққа тисін деп бір жылға бере тұрдық. Келесі жылы қайтып аламыз...
Кеше Актобе, бугин Галатасарай… О, Кудайым-ай, бул ненин жазасы?
Сени ар ойлаганымда журегиме бир жулдыздын суретин cалатынмын. Казир ол жулдыздардын канша екенин билемисин? Будан былай менин жеке аспаным бар...

суббота, 6 ноября 2010 г.

Көптееееееееееееееен... көптен дегенде... үш жыл болды, күнделігіме ештеңе жазбағам. Оныншы сыныптың аяғында басталған менің мөлдір әлемімдегі өзгерістермен қоса күнделік пақырдың да алғашқы бетіне үмітке толы маржан жазулар тізіле бастапты. Әр күнгі жазба үлкеееееееен үміт арқалап, сол күнгі парақты жабатын. Осылайша төрт жыл өтті. Екінші курста онымен танысып, біліскеннен кейін жазбалар да жандана бастады. Алайда көп ұзамай сезім екеуара емес, біржақты болған соң қарым-қатынас бауы біртіндеп сетіней бастады. Бұл кезде жазбалар да сиреді. Ал үшінші курста оған деген сезімім семи бастағанда күнделікті мүлдем қолыма алмайтын болдым. Әуелгіде жастығымның астында жататын, кейіннен шабаданымның түбіне жайғасты. Мен жайғастырдым әрине. Көшіп-қонғанда біреуінің қолына түспесін деп сыртынан елеусіз бір пакетпен орап қойғанмын. Сол пакетпен Түркияға да келді. Онан бері де түрлі әсерлер жасанды, жаңа мемлекетке келу, жаңа мәдениет, жаңа достар...Бірақ соның бір де бірі оныншы сыныптағыдай әсер қалдырмаса керек, күнделігімді ашуға әрекет те жасамаған еді-тінмін.
Бүгін соны аштым!!! Дереу ішімдегіні ақтардым. Бітірген соң алдыңғы жазбаларды парақтағам, ең соңғы жазба 19.07.2007-де жазылыпты. Бүгін алтыншы қараша. Алдыңғысының соңы ащы бітіпті... Бұл жолғысы...Көрерміз...

среда, 3 ноября 2010 г.

Қазақ пен түрік халқының ырымдарындағы ортақтық пен айырмашылықтар

«Қазақтар ырым етеді, ырымы қырын кетеді» дейтұғын бір мақал бар. Қазақтың ырымшылдығын, сенгіштігін сынау үшін айтқаны. Бақсақ, ырымшылдық жалғыз бізге тән емес, түрік халқының қанында да бар қасиет көрінеді. Кейде тіпті бұл түрік, қазақ қана емес, жалпы адамзат баласына тән бе деп те ойлаймын. Өйткені қара мысықтың жолды кесіп өткенін сәтсіздік санайтындар жер жүзінде жетіп жатыр. Немесе қытайлардың он үш пе еді, әлгі бір саннан шошитыны. Алты санын сайтаннан деп нанатындар… т.б.

Бірақ біз бұдан кейінгі абзацтарда тек түрік пен қазақ ырымдарындағы айырмашылық пен ортақтықты сөз ететін боламыз.

Түрік халқы да дәл біз секілді өліге құрметпен қарап, олар жатқан мекенді киелі санайды. Сол себепті мазарға қатысты ырымдары көп кездеседі. Мәселен, бейіттің басындағы ағашты кескен адам қайғыға душар болады деп сенеді. Сондай-ақ бейітті сұқ саусағымен көрсеткен адамның бармақтары кесіледі-міс. Бұл тыйым бізде де бар. Әжелеріміз сұқ саусағыңмен бейітті көрсетуге болмайды дегенде біз «неге болмайды?»деп қарсылықты сауал жөнелтеміз ғой. Бірақ сол «неге болмайдымызға» әр ырымда «жаман болады» жауабын алатынбыз. Жауапқа қанағаттанбасақ та жамандық келетінінен қорқып, ырымды екі еткізбеуге тырысатынбыз.

Түріктер жас сәби қоймастан жыласа ол үйге көп ұзамай өлім келеді дейді. Бұл ырым бізге де жат емес, кішірек кезімізде әжелеріміз «өксіме, басыңа бірдеңе көрінді ме?»дейтіні тегіннен тегін емес қой. Сондай-ақ, байғыз шатырға кеп дыбыс шығарса, сол үйден біреуі өледі дейтұғын ырым оларда да бар. Айтпақшы, түрік халқы құрбандыққа шалынған мал тілін шығарса, көп ұзамай шалған үй иесі өледі деп жориды. Бірақ бұл ырым бізде жоқ секілді.

Екінші бір ұқсастық отқа қатысты ырымдарда кездеседі. Мәселен, оларды жанып тұрған отқа түкіру, су төгу, тырнақ салу сәтсіздік әкеледі. Ал бізде отқа су құйып өшіру ошағыңның оты өшсін, ұрпақсыз өт деп жорылады.Тырнақты бізде керісінше, жанып тұрған отқа тастайды. Сондай-ақ от әлдеқашан сөнген болса да күлдің жанына жатуға болмайды, күлде жын мен шайтан ойнақ салады-мыс.

Бала кезімде құрбақа өлтірсем әжем жаңбыр тоқтамай жауады, бидай төксем, өгіз сүзеді деп сендіретін. Сол себепті үлкендер жаңбыр тілегенде тасаттық жасаса, мен құрбақа өлтіретінмін. Жанды тіршілік иесінің обал сауабын білмейтін ессіз заман ғой. Дәл осы ырым түрік халқында да бар болып шықты, бірақ олар құрбақа емес, жылан өлтірсе, тоқтамай жауын жауатын көрінеді. Жолға шыққанда алдымыздан қоян кездессе біз жолымыз болады екен деп басымыздағы бөркімізді аспанға атып қуанамыз, ал түрік халқы керісінше жолымыз болмайды деп қайтып келеді екен.

Үстіңе киіп тұрған киімді шешіп тігу керек, әйтпесе кісінің жолы байланады екен. Бұл ырым бізде де ішінара қолданылады. Біздің аймақта қолданылмағанымен Қызылорда жақтың қыздарынан естігенім бар.

Жарылған ыдысты міндетті түрде сындыру керек, әйтпесе бақытсыздық, шығын әкеледі деп ырымдайды.

Сондай-ақ түрік халқында түн, қараңғылыққа қатысты ырымдар көптеп кездеседі. Түнде тырнақ алма. Бұл бізде де бар. Бірақ бұл ырымнан гөрі әдеп, денсаулық тұрғысынан жасалған тыю секілді көрінеді маған. Ертеде түнде жарық жоқ-тын. Киіз үйде немесе бір, әрі кетсе екі бөлмелі баспанада тұратын бабаларымыздың аяқ-табағы жатар орнынан алыс емес еді. Тырнақтың байқаусызда табаққа түсіп кетуі ықтимал. Осы себепті тыйым салған секілді. Сол секілді нанның күйгенін жесең, бай боласың, нан қоқымын жесең, бақытты боласың дейтіндер ас атасын ысырап, әрі аяқ асты етпес үшін айтылған сөз бе деймін. Жоғарыдағы бидай төксең, өгіз сүзеді деген де осындайдың мысалы.

Сондай-ақ, түнде сағыз шайнау- өлінің етін жеу, түнде тігіс тігу–өлінің етін тігу деген секілді ырымдары бар. Бұлар да жоғарыда айтқандай қараңғы жерде болуы ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу секілді. Өйткені, қараңғыда киім тіккеннің қолына ине кіріп кетуі мүмкін, т.б. Олай дейтін себебім, бұл ырымға түріктер өздері де сенбейді, күле қарайды.

Ырымға сену –Аллаға серік қосу деп қанша жерден туласа да қазақ ырымшылдығын қойып кете алмайды. Соңғы кезде ырымдар да заманына қарай жаңарып, «модный» ырымдар пайда бола бастады. Бір құрбым: «Ақшаң көп болсын десең, оны айнаның алдына қойып қой» десе, енді бірі: «Сен ақшаға қалай қарасаң, ақша саған солай қарайды. Ақшаны әмиянға ұмар-жұмар қып тыға салмай, бүктеуін жазып, ұқыптап сал» дейді. Тағы біріне ақша берсем, қолға бермейді, жерге қойып бер дейді...

Біз көрген білгенімізбен бөлістік. Сенбеу сену өз ықтиярыңызда.

понедельник, 1 ноября 2010 г.

Мына қызыққа қараңыз. Үстінде дүние жүзінің картасы бар сиыр.


«Рональдинье сияқты бір аяқдопшыға спонсор болғыңыз келе ме?»

«Рональдинье сияқты бір аяқдопшыға спонсор болғыңыз келе ме?». Галатасарай клубының директоры Аднан Полат «Pegasus әуе жолдарының» директоры Әли Сабанджыға сұрақты дәл осылай төтесінен қойды. «Спонсор болуға болады, бірақ Рональдинье үлкен есім» деп жауап берген Сабанджыға Полат: «Көз алдымызда оны үлкейтпеңіз, оны келтіру анау айтқандай қиын емес» деді. Осы түріктердің амбициясына разымын. Қазақтар: «Құласаң, нардан құла», орыстар «Попытка не пытка» демей ме? Бізге де осындай тәуекел керек-ақ!

Үнсіздік

Сенбі күні өткен жылы келген қазақ студенттері биыл келгендерді қонаққа шақырған-тұғын. Мен де бардым. Жақсы, көңілді өтті. Ары қарайғы әңгіме бұл турасында емес бірақ.
Сол кештегі қызып жатқан «мафия» ойынын қиып, сағат жергілікті уақытпен 19-да басталатын Галатасарай-Анталияспор матчына асығып кеттім жатақханаға. Түрікшелесек, матч кейфін, жалпақ тілге салсақ «матч кайфын» қашырғым келмеді. Жатақхана асханасының екінші қабатындағы үлкен экран алды әдеттегідей толы екен. Тек оң жақта бір баланың жанында және артында екі орын бос. Артқы орынға жайғастым. Ойынның басталуына 8 минуттай бар екен. Буфеттен су алайын дедім де, сөмкем мен қағаздарды алдымдағы баланың жанына қарай тұрыңызшы деп қойып кеттім. Келдім, жанына бір қыз жайғасыпты. Қызы болу керек. Рахметімді айтып сөмкемді алдым да, арттағы өз орныма отырдым. Ол да жылы күлімсіреп, оқасы жоғын айтты да, жанындағы қызбен әңгімесін жалғап кетті. Матч басталды. Ойын қызып жатыр… Сәлден кейін қыздың орындығының арқалығында ілініп тұрған куртқа жерге түсіп кетті. Мен дереу иіліп, алып бердім. Сөйтсем, ол қыз емес, ұлдікі екен. Онан соң не болды дейсіз ғой. Әлгі екеуі ұрса жөнелді. Матчтың қызығымен отырып, мән бере қоймадым. Бір кезде ұл екі қолымен мен жақты көрсетіп: «Сұрасаңшы енді, сұра!» қатты дауыстады. Қарадай қысыла бастадым. Мұндай да болады екен. Матч жайына қалды. Үнсіз қалдым. Бірдеңе дегім келді, әлгі жазықсыз ұлды ақтап… Деудің ретін таппадым бірақ. Қыз болса артына қарады да, ештеңе деместен кеттік деді. Сонан соң екеуі де тұрып кетіп қалды. Біраз жеңілдегендей болдым. Бірақ онан соң матч кайфының бұзылғанына ызам келе бастады. Осылай өзіммен өзім арпалысып отырғанда матч та бітті.
Бөлмеге қалай келгенімді білмеймін. Келген соң да ауырлық кете қоймады бойымнан. Ойыма Мұхтар Шаханов ағамыздың "Үнсіздік" деген өлеңі келе берді. Өлеңі емес-ау, тек тақырыбы. Өлеңі не туралы екенін есімде жоқ бірақ...

понедельник, 25 октября 2010 г.

Түркияда тұңғыш рет университеттердің академиялық жетістігі бойынша рейтингі шығарылды. Анкара қаласындағы Орта Шығыс Техникалық Университетінде жеті бұрынғы ректордың қатысуымен шығарылған рейтингте 125 университеттің ішінен бірінші орынға Хаджеттепе Университеті(Анкара қаласы) шықты. Сондай-ақ екінші орынға Орта Шығыс Техникалық Университеті(Анкара) лайық көрілді. Одан кейінгі орындарға Анкара(Анкара қаласы) және Стамбұл(Стамбұл қаласы) университеттері жайғасты. Стамбұл қаласындағы мақтаулы Бұғазіші, Стамбұл Техникалық Университеті және Йыздыз Техникалық Университеттерін көре алмадық.






Бүгін Ыстамбұлдағы бір жылымның ыстық-суығын, ащы-тәттісін бірге бөліскен құрбым Айнұрды Қазақстанға шығарып салдым.
Жат жер дегенмен Түркияда жалғызсырай қоймайтыныңа бәс тіге алам. Ыстамбұлдың өзінде оқитын қазақ студенттерінің нақты санын білмесем де, біздің жатақхана қазақ студенттеріне кенде емес. Құдай сақтасын, қазақтарды көпсініп жатқаным емес бірақ бұл. Солардың ішінен келгеннен-ақ жылы шырай танытқан, дос, бауыр, әпке, сіңлі…қысқасы қарым-қатынасымызды ешбір статусқа сыйғыза алмайтын жақыным Айнұрды шығарып салу оңайға соқпады...
...Ішім алай-дүлей...Әуежайдан келіп, Айнұрдың бөлмесіндегі заттарды алуға барғанда бос тұрған төсегін көріп көңілім онан әрмен құлазыды. Өзімді ұстау қиын еді...
Өз бөлмеме келдім. Бөлмелес түрік қызы мендегі өзгерісті байқап, себебін сұрады. Жауап берер халде емес ем. Өз-өзіме келген соң мән-жайды түсіндірдім. Ол болса таң қалды: Манадан бері ағыл-тегіл болуынның себебі сол-ақ па, мен үй ішіңе бірдеңе болды ма деп...(Құдай оның бетін ары қылсын).
...(!)Тегінде, шын достықтың, бауырмалдықтың, сыйластықтың қадірін түсінбейтіндер солай ойлайтын болса керек.
Дос деген адамға жүрегін суырып беретін ақкөңіл, адал, ішіңдегіні айтқызбай білетін сезімтал жақын адамымнан осылайша бір жыл қашықтауға тура келді.
...Ендігі жылғы қыркүйекке дейін көңілімдегі, санамдағы ақжарқын досымның орнын ешкім алмастыра алмайтын шығар, сірә. Алмастырғанын өзім де қаламас ем...

воскресенье, 17 октября 2010 г.


Қазір екі нәрсеге жұрт елең етпейтін болып алды. Бірі — тіл мәселесі, екіншісі — соңғы буын әншілері атына айтылған сын. Бұл екі тақырып баспасөз бетінде көтеріле-көтеріле жауыр да болды.
Тіл туралы айта бастасаң жұрт құлағын басып қаша жөнеледі. Ал әншілердің «әдебі» қазір әдетке айналып барады. Ешкімге бұдан былай оғаш көрінбейтін боп алды. Даусы жоқтардың сахнаға шығуы бұрын ұят секілді еді, қазір заңдылық. Ешкім таң қалып жатқан жоқ. Бұрын мағынасыз әндер айтылғанда түрпідей тиюші еді құлаққа, қазір құлақ жазған да оған үйренді.Әншілеріміздің интеллектуалдық деңгейі төмен дегенде біразы байбалам салып еді. Қазір өздері де мұны мойындағандай жағдайы бар. Енді, көрініп тұрған нәрсені қалай жасырсын?! Қолдарына айлап, жылдап кітап алмайтын ол пақырларыңнан ұнататын ақының десе Абайды, жазушың десе Әуезовты ғана есіне түсіре алатынына сенімім кәміл. Абай мен Әуезовты қомсынып отырғаным жоқ әрине, тек «өнер иелері» бастауыштың баласына дейін білетін ғұламаларымыздан басқасын танымай, деңгейі кемшін түсіп жататынын айтам да. Деңгейі кемшін түсіп жатады дегенді де негізсіз айтып отырғаным жоқ. Олай дейтінім, әлгі Еларнадан берілетін «Сүйінші» бағдарламасында көп әншілеріміздің IQ дегеннің не екенін білмей, кейбіреуіне бір жерден естіген сөз сияқтанып, бірақ естеріне түсіре алмай, сасқалақтағанын көргенде жерге кіріп кете жаздайсың. Сөз саптаулары да бесінші сыныптың баласынікіндей, сөздік қорлары жұтаң, ойлары таяз. Эфирге келіп берген жиырма минуттық сұхбатының ішінен сөлін сығып алар болсаң, екі минутқа жетер, я жетпес. Осындайда өткен жылы өзім куә болған Ыстамбұлдағы дәстүрлі түрікше олимпиаданың гала концертіне келіп сөз сөйлеген түрік әншісі Сердар Ортачтың аз сөзін тап-тұйнақтай да шебер жеткізе білгені еріксіз сүйсінтеді екен.
Әрине, жас буын әншілерінің барлығы мұндай деп қара күйе жаға салудан аулақпын. Іштерінде салиқалы сөз айта білетін, соңғы уақытта бес уақыт намазға жығылып, парыздарын қал-қадарынша атқарып жүргені де бар. Бірақ аз.
Бұлай ашынуға ненің себеп болғанын да айта кетейін, жазғы демалыс айларында Ақтөбенің шалғай аудандарында көрсететін екі-үш-ақ қазақстандық арнаны ауыстырып жатып, «Еларнадан» Толқын Забированың концертін көзім шалды. Толқын әпкеміз сол концертте «Қамажайды» қазақы көйлекпен емес, костюм шалбармен орындап шықты-ау! Мұндайды кім көрген! Жолай кіріп, бір-екі ән орындап шыға салатын той емес, өзінің жеке концертіне, үлкен дайындықпен келген әпкеміздің дәл бұлай әнді, дәлірегі сахнаны қорлауына жол болсын. Басқа басқа, халық әнінде қазақы киім киіп шығу әнші әпкеміздің ойына келмесін, жанында стилист, дизайнер, кеңесші дегендері болмаушы ма еді? Тым құрыса солардың бірі ләм демегені ме?! Толқын әпкеміздің дәл мұнысы ұят болды. Сахнада отырған қанша адам мұна наразылық білдіре алды екен. Әлде Айлин, Кеш you, Tequilla, Дауыс International дегендердің лыпамен ғана шыққанына үйреніп қалған басымызға мұнысы жабық киім болған соң пәлендей ерсі көрінбеді ме екен?
«Қайран сөзім қор болған, Тобықтының езіне». Мүмкін жанашыр аға әпкелер әншілерге мұны ұқтырып-ақ жатыр. Тек мұны құйып алатын құлақ болсайшы. Әй, біздің әншілерге қарата айтылған сын «баяғы жартас сол жартас, қаңқ етер түкті байқамас» боп, жаңғырып өздеріне қайтып кеп жатыр-ау...

среда, 13 октября 2010 г.

Арда жақын күндері жасыл алаңға оралады.


Түркияның арда аяқдопшысы, Галатасарай капитаны Арда Тұран жарақаты салдарынынан төрт айға дейін жасыл алаңға шықпайды деген ақпарат тарағанда онсыз да еселері кетіп, жеңілістен есеңгіреп жүрген Түрік құрамасы мен жанкүйерлерінің еңсесі түсіп-ақ қалып еді. Алайда Германияда жасалған отадан соң Арданың жақын уақытта алаңға оралатыны белгілі болды. Ал Арда Тұранның герман дәрігерінен ең бірінші сұрағаны келесі апта Фенербахчеге қарсы ойналатын матчқа қатысу-қатыспау турасында болыпты.
Түрік құрамасының жанкүйерлері құраманың Германия және Әзірбайжанмен ойындағы жеңілісін Арда Тұранның жетіспегенімен байланыстырады.

воскресенье, 10 октября 2010 г.

Клаваға емес, қаламға көбірек сүйенгін.







Жаңа ғана Түркиядан шығатын «Заман» газетінің жұма күнгі санын ақтарып отырып, бір қызық ақпаратты көзім шалды. Қаламмен жазу ойлау жүйесін жетілдіретін көрінеді.
Күн өткен сайын компьютер клавиатурасы мен ұялы телефонның клавишына үйренген жаңа буын қолмен жазуды ұмытып қалмаса жарады дейсің. Бүйте берсе каллиграфия ғылымының да жаһандану көшінде алар орны болмай қалары кәдік. Біз мектепте бастауыш сынып оқып жүргенде көркем жазу дегени пән бар-ды. Жоғары сыныптарда да көркем жазудан жарыстар өтіп, жеңімпаздар марапатталып жататыны еміс-еміс есімде.
Бірді айтып, бірге кеттік. Сонымен, жоғарыдағыдай қорытындыға Индиана және Висконсин университетінің ғалымдары 2,4 және 6-сынып оқушыларына жүргізілген зерттеулерінде көз жеткізіпті. Қалам қолдану мидың ойлау, ақтару және тез еске түсіру бөлімдерін іске қосатын көрінеді. Бұл ойды ауызша һәм жазбаша жақсы жеткізу қабілетін дамытады. Қаламмен жазған балалар басқаларына қарағанда тың, сoны ойлар ортаға шығара білген.
Индиана университетінің зерттеуінде бір топ бүлдіршінге қаламмен әріптер жаздырып, енді бір тобына дайын әріптер көрсетіледі. Сонан соң мидың жұмысын қадағалайтын құралмен олардың миындағы белсенділікті өлшегенде қаламмен жазғандардың жүйке жүйесі шапшаңырақ әрекет еткені және ойлау қабілетінін алдыңғыларға қарағанда ересектердікіне жақын болғаны байқалады.

четверг, 30 сентября 2010 г.







АРАЛ

«Белгілі жиһангез Джеймс Кук бір саяхатында Атлант мұхитының шет, иесіз бір шалғайында көкте шеңбер сызып ұшып жүрген миллиондаған құс базарына тап болады. Шуылы құлақ тұндырар құстардың кейбірі сілесі құрып шаршағанда өздерін теңіздің тулаған толқынына тастап кеп жіберіп, өлім сағатын осылайша өздерін құрбан ету арқылы қабылдайды екен.
Бұған тек Джеймс Кук қана емес, ол аймақтағы балықшылар да ұзақ жылдар куә болып келе жатады. Орнитологтар да зерттеулерінде бұл құстардың жыл құстары екендігін, көктем және күзгі сапарларында әр тараптан келіп бір ноқтада, жоғарыда айтылған жерде топталатынын анықтағанымен неге бірінен соң бірі өздерін өлім құшағына ататынының түйінін тарқата алмай-ақ қояды.
Мұның сыры өткен ғасырда ғана ашылды. Бұл трагедияның орын алған жерінде бұрын арал болған екен. Жыл құстары келген және қайтқан сапарларында тұрақтап демалатын, орны ештеңемен айырбасталмайтын бұл арал зілзаладан соң су астында қалады. Түйсіктері алдамай әлгі құстар қалжырататын ұзын жолшылықта әлгі аралдың тұрған жерін жаңылмай тауып, демдерін басуға келеді. Болуға тиісті жерінен аралды таба алмаған соң әбден зорыққан, шаршаңқы сүлдерлерін амалсыз суға атады».
Осы мәтінді қолымызға берген түрік тілінің оқытушысы Айтен ханым әрқайсымыздың өзімізді бір арал деп елестетуімізді және мына сауалдарға жауап беруімізді өтінді. Өмірдің ұзын жолшылығында тыныстап дем басатын, біреуді паналататын арал иесі бола алдыңыз ба сіз? Немесе орнынан таба алмасаң соған міндетті түрде жету, міндетті түрде паналау үшін құс секілді басың айналып, әлің құрығанша қанатыңды серпіп, жанқиярлық көрсететін аралың бар ма?
Барлығын шектеусіз бөлісе білетін дос, сапарға бірге аттана білетін жолдас, әрдайым жан тыныштығын сыйлай білетін жұбай, жету үшін жылдар бойы күрескен мақсатыңыз бар ма? Айналаңызға жақсылап тағы бір қараңыз. Сізге келген... Сізді паналаған... Сіз барған... Сіз паналаған...
Сосын мына шындықты көріңіз көзіңізбен: Сіздің солық алып, өз-өзіңізге келіп, паналай білетін қанша аралыңыз бар айналаңызда? Қанша досыңыз үшін сіз тыныс алып, өз-өзіне келіп,жанға жайлы қуат сезіне білу қажеттілігін тудырған аралсыз?..
Ойланып қалдық....

понедельник, 26 июля 2010 г.

Шайтаннан хат.

Izmirdin janyndagy Manisa shaharyna turik otbasyna konakka barganymyzda uidegi 10 jasar kishkene kyz Sumeyra dastarhan basyna otyrgan saiyn "Bismilla çektiniz mi?"dep esimizge salatyn-dy।(epigraf dep kabyldanyzdar.blog tilin asa jaksy bilmeitindigim ushin erekshelei almadym)

"Кеше күнделікті ісіңмен айналысып отырғанынды көрдім. Намаз оқымай, дұға жасамай тағы бір күніңді өткіздін.Тіпті тамақ жеп болып, жатар алдында да шүкір етпей жаттын.Өте пәс адамсың! Сені мақтан тұтамын. Бірақ сонда да, менімен болғаның үшін бақытты екенімді айта алмаймын. Есіңде ме? Бірге болғанымызға көп жыл болды. Бірақ сені әлі де жақсы көрмеймін. Шынын айтар болсам: сені Аллаһты ұнатпағыным үшін жек көремін. Аллаһ мені жәннәттан қуғаны үшін сені қолданамын. Сені қолданып, Аллаһтың маған жасағандарын қайтарып алғанға жейін қолданамын... сосын жоқ болып кетсең де бәрібір. Білемісің ақымық, Аллаһ сені жақсы көреді, бірақ сен өмірдің бәрін менің қасымда өткіздің. Бұл адалдығың үшін сені марапаттаймын. Өміріңді быт-шыт етемін. Екеуіміздің бас қосқанымыз Аллаһқа ұнамайды. Мен болсам нағыз қожайын екемді Аллаһқа сенің арқаңда көрсетемін. Бірге өткізген жақсы күндерімізді еске алшы, адамдарды жылатқанымызды, олар туралы ғайбат жасағанымызды, жынды-жынды дискотекаларға баратынымыз, есіңде ме, екіжүзділік арқасында үлкен мансапқа жеткенімізді, өтірік айтқандарымызды, арақ-шарап ішкенімізді... мешітке бармайтынбыз... намаздан қашатынбыз... Осылардың бәріне үйреніп қалдың да, олардан бас тартқың келмейді, рас қой? Кел енді ақымақ! Бақи отта бірге лаулап жанайық. Бұл хатты саған қаншалақты мән бергенімді және өміріңнің үлкен бөлімін маған сыйлағаның үшін алғыс айту үшін айтып жазып отырмын. Ақымақ, саған күлкім келеді. Жасағандарың менің көзіме жиіркенішті келеді. Сен осы жолыңнан тайма. Жаңа ұрпаққа алдауды, өтірікті, мешіт орынына дискотекаға жол көрсет. ЖАстардың қасында сен осылардың бәрін жаса да, олар сенен үлгі алсын. Көп кешікпей олар өзің сияқты болады. Жастар еліктеуіш қой.Ал, әзірге кетуім керек, бірақ алысқа емес, бірнеше секундта қасыңа қайта ораламын. Аз ғана ақылың болғанда тәуба етіп қалған бірнеше бірнеше жылдық өміріңді Аллаһтың қасында өткізуге тырысар едің?! Біреуге ақыл айту табиғатымда жоқ нәрсе, бірақ сені таныймын. Сен менің қасымнан кетпейсің. Сенің жасыңда бір адамның әлі де күнәлардан арынбай жүргені ақымақтық болса да. Сен мені дұрыс түсін, мен сені әлі де жек көремін, үнемі де солай болмақ. Мені шынымен жақсы көрсең осы хатымды ешкімге айтпа. Бізді өлім қосқанға дейін..."

जस्तर /बिज़ पोर्ताल्य्नन अल्यन्द्य.

суббота, 10 июля 2010 г.

ТҰЗ ТУРАЛЫ ХИКАЯ

Ертеде бір падишаһтың үш ұлы болыпты. Бір күні падишаһ ұлдарын шақырып: Мені қалай жақсы көресіңдер? - деп сұрапты. - Ең мықты жауапқа бір сандық алтын берем. Үлкені еш кідірместен: "Алтын, гауһарды қалай жақсы көрсем, сені солай жақсы көрем", - дейді. Бұл жауапқа падишаһ қатты қуанады. Ортаншы ұлы болса "Әкешім, тәтті тағамдарды, баклава, науат, халуаны қаншалықты жақсы көрсем, сені де соншалықты жақсы көремін", - дейді. Бұл жауап та падишаһты марқайтып тастайды. Кезек үшінші ұлға келеді. Үшінші ұлы дереу жауап бере қоймайды. Біраз ойланып барып, былай дейді: "Мен сені тұз секілді жақсы көрем, әкешім!".
Бұл жауапқа ағалары іштері түйілгенше күйеді. Әкесі болса ашуланып: "Тұздан қадірлі еш нәрсе жоқ па еді? Бүгіннен бастап менің ұлым емессің!" деп кенже ұлын сарайдан қуып жібереді. Ал үлкен екі ұлына сандық-сандық алтын бергізеді.
Шарасыз қалған кенже ұлы тау-тас, шөлді кешіп, бір ауылға кезігеді. Ауылдағы үйдің біріне келіп, есігін қағады. Есікті қартайған бір кемпір ашады. Кенже ұл оған басынан кешкендерін баяндайды. Қария болса, ұлға жаны ашиды. Сонан соң "Мен ешкімі жоқ кәрі адаммын, бұдан былай сен маған ұл бол", - дейді. Кіші ұл тілегін дереу қабыл етеді де, сол үйде тұрақтап қалады.
Күн артынан күн жылжып, ол жердің патшасы қартаяды да, өзінің орнына лайықты тақ иесін сайламақ болады. Алайда ол жердің патшасының ұл баласы жоқ екен. Сол себептен патша: "Мен халықтың арасынан мұрагер таңдаймын. Сарайымнан бақыт құсын ұшырам. Ол кімнің басына қонса, сол тағымның иегері атанады", - деп жария еткізеді. Бүтін халық қаладағы алаңға жиналады. Кенже ұл да өзінің бағын сынап көрмекке халық топтанған жерге келеді. Патша ұшырған бақыт құсы баланын басына кеп қонады.
Кенже ұл өте ақылды болғандықтан көп өтпей-ақ табысқа кенеле бастайды. Халық та оны қатты жақсы көреді. Ақылдылығының, еңбекқорлығының, жасампаздығының арқасында мемлекеті гүлденеді. Кіші ұл бір күні әкесіне хат жіберіп, оны өз мемлекетіне шақырады. Бірер күннен кейін әкесі оның мемлекетіне келеді, бірақ ұлын танымайды. Сарай аспаздары бұл қадірлі қонақ үшін дәмді тағамдар пісіреді, бірақ ешбіріне тұз қоспайды. Әке падишаһ тағамдардың ешбірін жаратпайды да, кіші патшадан: "Сіздің мемлекетте тұз жоқ па еді?" - деп сұрайды. Ұл болса "Жоқ. Керісінше бүкіл дүниеге тұзды біз жөнелтеміз. Бірақ естуімші сіз тұзды ұнатпайтын көрінесіз", - дейді. Әкесі болса "Жоқ, сізге жалған айтқан ғой, әйтпесе тұзсыз астың дәмі бола ма?" - деп жауап береді. Сол кезде кіші ұлы "Кіші ұлыңыз сізді тұз секілді жақсы көремін дегенде оны сарайдан қуып жіберген көрінесіз, сол рас па? " - деп сұрайды. Осыдан соң падишаһ өз ұлын танып, қателігін түсінеді. Көздерінен ыстық-ыстық жас төгіліп, әке мен ұл осылайша табысады...

вторник, 29 июня 2010 г.

оймақ телефон


Күнделікті тұрмыста звондау дегенді бас бармағымызды құлағымызға, шынашағымызды аузымызға апару ишарасы арқылы білдіретініміз белгілі. Бұдан былай звондаудың ишарасын емес, дәл өзін бас бармақ пен шынашақ арқылы жүзеге асыра аламыз. Үндістандық Amit Maratheнің ойлап тапқан саусақ телефоны кәдуілгі біздің әжелеріміздің оймағы секілді. Біреуін бас бармағаңызға, біреуін шынашағыңызға киесіз. Баc бармағыңызбен естисіз, шынашағыңызбен сөйлесесіз.

четверг, 24 июня 2010 г.

«Ішімдегінің бәрі түрімде, түрімдегінің бәрі тілімде» немесе «Көз – көңілдің айнасы»
















Анджелина Джоли FBR агенті болып ойнайтын «Taking lives» фильмінде кісі өлтірді деп ұсталған күдіктіге жүргізілген тергеу барысында тергеуші сөмкесінен папканы шығарып жатқанда оқиға орнынан алынған айғақ затты жерге түсіріп алады. (Әрине, «байқамай»...) Күдікті айғақты көрген бойда «Не істегелі жатырсыз? Мені мойындауға мәжбүрлегелі жатырмысыз?» деп байбалам салып, орнынан ұшып тұрады. FBR агенті тергеуден соң күдіктінің кінәсіз екенін, істі болса аталған жерде ешқандай реакция көрсетпейтінін, мұны оның дене қимылынан аңғарғанын айтады. Осылайша, күдіктіні бостандыққа жібереді. Фильмнің соңында әлгінің қаныпезер кісі өлтіруші болғандығы анықталады. Яғни күдіктінің өз дене әрекетін, жүз құбылысын шебер игергенінің, басқара білгенінің арқасында қарсысындағы адамды сендіре алады. Жарайды, бұл кино делік, күнделікті өмірде дене қимылдарымен, бет-жүз әрекетімен білдірілетін жан дүниеміздегі құбылыстарды қаншалықты тани алып жүрміз немесе өзімізді қаншалықты билеп, ішіміздегіні жасыра алып жүрміз?
Қазақтар «Ішімдегінің бәрі түрімде, түрімдегінің бәрі тілімде» немесе «Көз – көңілдің айнасы» дейді. Расында да шашымыздан бастап аяғымыздың саусағына дейін ішкі дүниемізден хабардар ете алады.
Ана тілімізден басқа тілді үйренуге уақыт пен күш сарп етеміз де, негізгі тіліміз – дене қимылымыздың тілін игеруге құлшыныс таныта қоймайтынымыз неліктен?! Асылында әркім тілімен жалған сөйлер, алайда дене қимылы, бет-жүз әрекетімен жалған сөйлей алмас. Мәселен, Зигмунд Фрейд бір емделушісінің жанұяда қаншалықты бақытты екенін баяндап отырғанда, өзі байқамай неке жүзігін шығарып таққанын қаперге алып қалады. Осыдан соң бұл еркінен тыс істелген әрекеттің сырын білетін Фрейд әлгі емделушіде жанұяға қатысты мәселелер туа бастағанда еш таңқалмайды.
Біз өзіміз парқына бармадан жиі қолданатын әрекеттеріміз қандай? Және қай ситуацияда қайсысын қолданамыз, бір көз жүгіртіп көрелік.
Мойын-басты қасу.
Қарсыңыздағы самайын, құлақ түбін немес басының артқы, шүйде тарапын қасып тұрса, ол сіздің сөзіңізге иланбай немесе шүбәланып, бірақ оны тілге келтіруден жасқанып тұрғанын оқуға болады. Киімінің шаңын қағу да да осыдан хабардар етеді.
Бас әрекеттері.
Бас бір жаққа қисая бастаса, ол қарсыңыздағының сіздің тақырыпқа қызығушылық таныта бастағанын білдіреді.
Егер басы төмен қарай иіле бастаса, сізді сынап немесе зерттеп қарағаны деп түсініңіз.
Егер екі қолын бір-біріне айқастырып, онымен басының шүйдесін ұстап тұрса, ол өзін сізден жоғары санап тұр деген сөз. Сондай-ақ, екі қолының бас бармағын шалбардың қалтасына салып, қалғанын қалғанын түйіп сыртына шығарып тұрса, оның өзіне деген сенімі күшті, тәкаппар дегенді ишараттайды.
Бір жыныстың қарсы жынысты көргенде еріксіз жасайтын әрекеттері
Егер бір еркек таныс емес, кездейсоқ көрген нәзік жыныстыға қызығушылық таныта бастаса, өзі байқамай, дереу галстугын, ол жоқ болса жағасын және міндетті түрде белдігін түзеп қояды. Ал әйел қауымы бір еркек назарын аударса, шашын иығынан асырып артына тастайтын көрінеді. Және ол еркекке көзін алмадан қарайды-мыс. Тек ол еркек қараған кезде ғана жанарын тайдырып әкететін көрінеді.
Көз қарастары.
Ішімізден көп нәрсе аңғартатын көбіне көзіміз екені даусыз. Кісінің тура қарасы қарсысындағыға маңыз беріп, көңіл бөліп тұрғанын білдірсе, қырымен қарау сынай қарауды немесе ашыналық қарасты білдіреді екен.
Әрине дене әрекетінің тілін білетіндер ғана мұны оқи біледі және өз пайдаларына жарата біледі. Тілің жалған сөйлегенімен, жүзің жалған сөйлей алмайды десек те, соң жылдарда саясатшылар психологтардың көмегіне жүгіріп, дене әрекетін билеуді игеріп, тілімен ғана емес, түрімен де халықты сендіре біледі дейді түрік баспасөзі .

понедельник, 21 июня 2010 г.

Бермуд үштағанының сыры ашылды.

Сандаған жылдан бері ғалымдарды сарсылтқан Бермуд үштағанының сыры ашылды.
Американың оңтүстік шығысында, Атлант мұхитындағы «Шайтан үштағаны» бұдан былай табиғаттың тылсым күші делінбейді. Бүгінге дейін, әсірісе соңғы алпыс жылда бірнеше жүздеген ұшақ пен кеменің із-түссіз жоғалып кетуіне себепкер болған кәдімгі жер астынан шығатын табиғи газ көрінеді.
Бұл жағрапия ноқтасын ең алғаш ашқан америкалықтар. Екінші дүниежүзілік соғыста Америка жәрдемге ұшақ жөнелтеді. Алайда ұшағы белгілі бір жерге келгенде байланыстан ажырап, жоғалып кетеді. Олар бұл ұшақтың көзін дұшпан жойдыға жорып, артынан тағы 10 ұшақ жөнелтеді. Ол ұшақтары да жөнелтілген жеріне жетпей, Бермуд үштағанына келгенде біріншінің кебін киеді. Осыдан кейін ғана олар бұның себебін іздестіре бастайды. Бұл алаңның сипаты Американың жағалауды қорғау ұйымының жетінші нөмірлі ауданы басқармасының 5720-бұйрығында былай беріледі: « Бермуд немесе Шайтан үштағаны - Атлант мұхитындағы Бермуда, Миями және Сан Шуан қиылыстарымен шекараланған, жұмбаққа толы, саны айтарлықтай көп кеме мен ұшақ із-түссіз жоғалған аймақ ».
Бермуд үштағанын зерттеу үш тараптан жүргізілді.
1. Діни тұрғыдан. Бұл жерде жындар болуы мүмкін деп саналды. Базбір зерттеушілер болса, табиғаттан тыс күш, енді біреулері жатпланеталықтардың ісі деп жорамал жасады. Христофор Колумб күнделігінің өзінде бұл жер беймәлім ұшатын объектілер мекені делінеді.
2. Химиялық тұрғыдан. Аталмыш аумақта басқа бір химиялық элементтің мөлшері көп.
3. Физикалық тұрғыдан. Мұхиттың түбіндегі үлкен көлемдегі магнит бүкіл металды өзіне тартып алады. Алайда көп өтпей үшінші жорамалдың негізсіз екені айқындалады, өйткені үштағанның үстінен өткен құс та із-түзсіз жоғалып кететін көрінеді.
Жердің астынан атқылайтын табиғи газ тек құрлықтағы, құрғақ жерден ғана емес, теңіз және мұхиттың да астынан шығады. Өйткені, теңіз бен мұхит та үсті сумен қапталған жердің бір бөлігі. Бірақ мұхиттың тереңінен шыққан табиғи газ, ол жердегі температураның төмендігінен бор секілді «гидрат» (hidrat - химиялық жолмен өзіне су қосылудан болатын зат) деп аталатын қатты затқа айналады. Бұл аудан Гольфстрим жылы ағысының ағатын жері. Мұхит түбінің кейде осы ағыс себебінен ысынғанында аталмыш газдар еріп, судан жеңіл болғаны үшін жоғары көтеріледі. Бұл мезетте судың тығыздығы да азаяды. Дәл сол кезде ол жерден не өтсе де терең бір құдыққа түскен сықылды асқан тездікпен төменге құлдилайды. Өйткені, тығыздығы азайған су кемелерді көтере алмайтыны белгілі. Газдың көтерілуі тоқтаған кезде тығыздық қайтадан қалпына келіп, алып кемелер судың мыңшақырымдаған түбіне көміледі. Мұның сыры өте тереңге сүңги білген робот камералардағы түсірілген кеме қалдықтарынан көмегімен ашылған.
Ұшақтардың да жоғалуы дәл осы себептен. Жоғарылаған газдар ауадан да жеңіл болғандықтан онан ары биіктей түседі. Осылайша ауаның да тығыздығын азайтады. Ол жерден ұшқан ұшақ ауаның тығыздығы аз болғандықтан дереу төмендейді және моторы тоқтайды. Өйткені мотордағы бензиннің жануы үшін көп мөлшердегі ауаға қажеттілік туады. Тығыздығы аз ауа моторды оттегімен қамтамасыз ете алмайды да, ұшақ құлдилағаннан құлдилап отырып мұхиттың шақырымдаған түбіндегі құмдардың астына көміледі.

суббота, 19 июня 2010 г.

Футболдағы ырымдар

Бес мың бұрын Қытайда жемісін бере бастаған футбол ағашы әуел баста көңіл көтеру, ләззат алу үшін ойналған көрінеді. Алайда команда түрінде ойнауды ең бірінші ацтектер ойлап тапқан. Мұнымен қоса «футбол дуасының» да дәл солармен бірге ортаға шыққаны айтылады. Ацтектер заманында футболда жеңілген тарап берекенің артуы үшін Күнге құрбан еткен көрінеді. Осылай еткенде сәтсіздік олардың айналасынан ізін жоғалтады-мыс. Футбол ережелерінің қазірге жақын нұсқасының орнығуы және көпшілікті соңына ертуі ХІХ жүзжылға сәйкес келеді екен. Футболдың дамуымен бірге «футбол дуасы немесе сиқыры» да жандана түседі. Бұл туралы уругвайлық жазушы Эдуардо Галеаноның «Көлеңкеде және Күндегі футбол» кітабында да айтылады.
Өзінің ырымымен футбол тарихы жайлы әдебиетке ең алғаш енген аяқдопшы Уругвайдың ұлттық құрамасының жұлдызы Adhemar Canavessi. 1928 жылғы Олимпиада ойындарында өзінің барлығы командасына сәтсіздік әкеледі деп Аргентинаға қарсы ойналатын матчқа шығудан бас тартады. Өйткені қашан Аргентинамен ойнамасын, таразы басы сол жаққа ауып кететін көрінеді. Ал Амстердамда ол ойнамаған матчта не болды? Әрине, Уругвай жеңіске жетті.
Енді бір мистикалық оқиға Бразилияның аңызға айналған футбол алыбы «Васко да Гамаға» қатысты. 1937 жылы «Васко да Гама» «Андараи» клубымен ойнаған ойында 12-0мен қақырата жеңеді. Бұған кәдімгідей қамыққан «Андараидың» бір жанкүйері аузы тігілген өлі құрбақаны «Көкте Тәңірінің бар екені бар болса, Васко да Гама бізге қанша гол салса, сонша жыл жеңіске жете алмасын» бейдуасымен «Васко да Гаманың» стадионына көмеді. Бұл оқиғадан хабардар болғаннан кейін клуб жетекешілері құрбақаны іздеп алаңды шұрқ-тесік етеді. Алайда нәтиже өзгере қоймайды. Тек он бір жыл өткен соң ғана аталмыш клуб чемпиондыққа қол жеткізеді. Дуаның «күші жойылуға» тура бір жыл қалғанда чемпиондық тәжін киген клубтың басшысы болса, «Тәңірі бір жыл жазамызды кешірді» деген көрінеді.
Келелім 1953-ке. Оқиға тағы Бразилияда. Алайда бұл жолы Flamengo 9 жыл чемпиондыққа зар болады. Бұған қатты дағдарған жанкүйері Peder Goes жаратушы бізге оң көзімен қарасын десеңдер шіркеуге барып, тәспих тартыңдар деп кеңес береді. Осыдан соң-ақ Фламенго үш жыл қатарынан чемпиондық атаққа қол жеткізеді де, төртінші жылы қайтадан уыстарынан шығарып алады. Peder Goes Flamengoда болса, Fluminenseтің де бір пірадар Педері, Peder Romualdo Папаның айрықша рұхсатымен клубтың рухани істер жөніндегі жауаптысы тағайындалады. Алғашқыда бұдан қолайсыздықтар туып, аяқдопшылар шағым айта бастағанымен, кейіннен үсті-үстіне келген жеңістен кейін олар әрбір голдан соң Педердің шапанынан сүйіп, шүкірлерін айтатын болыпты.
Футбол дуасы тек Латын Америкасын ғана шайқалтты десек, өтірік болар еді. Сиқыр кәрі құрлыққа да өз дегенін жасатты. Real 50-жылдарда стадионы мен футбл алаңын кеңейтуге шығарады да оның артынан чемпиондықтың жүзін көре алмай, арманда қалады. Бұл сәтсіздіктің себебі алаңның ортасына көмілген оқылған сарымсақ екені кейіннен ашылады.
Футбол алаңының тысындағы дуа оқиғаларының көп ұшырасатын жері де Әлем чемпионаты екен. 1986 және 1990 жылғы Әлем чемпионатында Аргентина командасының техникалық директоры «Тауық жесе сәтсіздікке ұшырайды» деп өз аяқдопшыларына тыйым салып, сиыр етін жеуге шешім шығарған екен. 86-да кубокты иеленеді, бірақ 90-да жеңіліске ұшырайды... Бұл тауық етінің кесірі ме, әлде Марадонаның үстіндегі дуа ма, ол жағы белгісіз...
Әлем кубогында сиқыршылықты шырқау шыңына жеткізгендер, әлбетте қара құрлық командалары. Африкалықтар үшін қара магия дегеніңіз әдеттегі, күнделікті іс сияқты, ондап емес, жүздеп жасалатын көрінеді. Солардың бірі- гол соғылмасы үшін қақпаның тіреулеріне хайуан өлігін көму. Сондай-ақ, Камерунмен ойында 3-0 есебімен жеңілген Мали жеңілісінің себебін қарсылас команда жаттықтырушысы Nkonoның сиқыршы болуынан деп санап, сотқа дейін барғаны көп оқиғаның бірі ғана.
2002-де медияны, әсіресе француз медиясын абдыратқан voodoo сиқыры Франция мен ескі отары Сенегалдың арасындағы матчта жасалды. Сенегалдық дуашылар федерация тарапынан Кореяға жөнелтіледі. Бір сенегалдық сиқыршы экранның алдында бір тауықтың аяғын сындырады, онан соң біраз дұғалар оқиды. Нәтижесінде матчтан бір күн бұрын Зидан сол аяғынан жараланады және Сенегал жеңіске жетеді. Сенегалдың футболда жұлдызы Түркиямен ойнағанға дейін жарқырайды. Алайда түріктердің «сүбханалласы» мен тәспихы дуадан күштірек шығып, «өзіңнен зор шықса екі көзің сонда шығадының» керін келтіреді.
Зимбавенің Midlands Portland Cement командасының жаттықтырушысы аяқдопшылары жағымсыз рухтан арылсын деп, оларды қолтырауын толы Замбези өзеніне шомылдырады. Өзенге кіргенде футболшылардың саны он жеті болса, шыққанда біреуге кемиді. Алайда өкініштісі сол, матчта да жеңіліс табады, түрікшеден сөзбе-сөз аударсақ, «матчты жоғалтады». Һәм матчты, һәм бір футболшысын жоғалтқан Midlands Portland Cementке бұл үлкен сабақ болған болар, мұнан соң ол ырымның қайталанғаны жайлы ақпарат тіркелмепті. Ал қолтырауынға жем болған аяқдопшы «футбол шейіті» саналар бәлки...
Футболдағы мистиканы осымен доғарып, жекелеген футболшылардың ырымдарына келелік. Фенербаченің жұлдызы Роберто Карлос формасын астынан кесуді әдетке айналдырған көрінеді. Real Madrid пен Бразилиядан кейін өз формасының кесілгеніне Фенербахченің де әкімшілігі қазір таң қалуды қойды. Дәл осы команданың дәл сол мемлекеттен келген жұлдыздары Alex және Deivid алаңға шыққанда үш мәрте секірсе, Hagiдің гетрының астын кесетіні бар көрінеді. Галатасарайдың ұмытылмайтындарының бірі Хакан Шүкір капитан кезінде мәжбүрлікпен алаңға бірінші шыққанымен, былайғы кездерде ең соң шығуды қалайды екен. Jack Charlton киім ауыстыртын бөлмеден ең соң шығуды әдетке айналдырса, Paul Ince формасын бәрінен кеш киеді екен. Ливерпуль королі Keevin Keegan секілді.
Frank Lampard алаңға оң аяқпен шығуды және шыққаннан бұрын үнемі бір музыканы тыңдауды сәттілік әкеледі деп сенеді. Манчестер Юнайтедтің беломыртқасы Рио Фердинанд киім ауыстыратын жерден алаңға шығарда табыс үшін деп үстіне бір стакан су құяды екен. Аdrian Mutu болса, атлетін теріс киеді. Chris Waddle 1983-те Newcastleдің премъер лигага шыққан сезонында үнемі бір ішкиіммен шыққан. Әлбетте, әр матчында жуып...
Аргентина қақпашысы Гойкочеа кезінде тіпті кіші қажеттілігін футбол алаңында өтейтін болған. Бұл да ырым. Қасыластың добына тойтарыс үшін дейтін көрінеді өзі. Ал Ливерпульдік Девид Фейклаб матчтан бұрын қолдарын төрт мәрте жуса, Франция аяқдопшысы Лорен Блан Фабъен Бартездің таз басын бір рет сүйеді екен. Эйдур Гудьонсен ойын алдында дәретханаға кіріп, қарсылас қақпасына қанша гол соғуды жоспарласа, сонша рет футболкасын сүйеді екен.
Біз бір істі бастарда оң аяқ немес оң қолмен бастасақ, солтүстіктегі көршіміздң аяқдопшылары сол аяқпен бастағанды қолай көреді екен. Соның жарқын дәлелі, Константин Зырянов аяқимін тек сол аяғынан бастап кисе, Игорь Семшов, сондай-ақ Егор Титов та алаңға ылғи сол аяғымен кіретін көрінеді.
Роман Павлюченко алаңға кірерде баспас бұрын газонды бір рет сипап, сосын шоқынады екен. Әрбір голдан кейін неке сақинасы тұратын саусағын сүйеді. Базбір ойыншылар мен жаттықтырушылар матчқа дейін біреуге қарыз беруді және алуды жаман ырым санайды. Соның бірі Василий Березуцкий.
Қақпашыға қатысты ырым дегенде ең алдымен Ринат Дасаевтың аты ауызға алынады. Ол неміс голкипер сыйлаған қолғабын ылғи қақпаға қояды, осылайша «қақпаны екі қолдап емес, төрт қолдап қорғайды-мыс».
Ойын күні киім ауыстыратын бөлмеде ысқырмау аядопшаылардың жазылмаған заңы.
Дмитрий Сычев пен Сергей Семак ойыннан бұрын сақал мұртын алмайды екен.
Сәттілік әкелген формасы мен аяқкиімін ауыстырмай кию де аяқдопшылрдың әрбір бесіншісінде кездесетін ырым десек қателеспейміз. Сондай-ақ жаңа форма киіп шығу табыссыздық әкеледі, ол форма ең құрығанда бір мәрте жаттығуға болса да киілген болуы керек. Дәл осы ырымға қырын қарап, сан соғып қалған да бар көрінеді. «Динамо» қақпашысы Александр Шовковский матчқа жаңа қолғаппен шығып (қолғап болғанда да Sasho фирмасының қолғабы, оның аты мен сойатының басқы буындарынан құралған), қақпаға екі жауапсыз гол жіберген.
Қалай десек те, дінге топақ келгенімен психологтар футболдағы ырымдардың пайдалы екенін, аяқдопшылардың стресстен қорғанып, өздерін жайлы сезінуіне жағдай жасайтындығын айтады.

пятница, 18 июня 2010 г.

Мейрамбек Беспаев - Алланын бары - Акикат

СЫНЫК КУМЫРА

Ундистанда бир су тасушы иинагашка асылган еки кумырамен су тасиды екен. Кумыралардын биреуи тесик болыпты. Бутин кумыра уйге судын тугелин, ал тесик кумыра болса жартысын гана акеледи екен.
Осылай еки жыл жалгасыпты. Су тасушы ар тасыганында уйге 1,5 кумыра су акеле алады екен. Бутин кумыра мунысын озине мактаныш корип, кеудесин котерип жургенде, тесик кумыра миндетин жартылай гана орындаганы ушин енсеси тусинки журеди-мыс.
Еки жылдан кейин озеннин жанында тесик кумыра су тасушыга былай деп тил катыпты: ‘’Озим ушин уяттымын, сондыктан сенен кеширим сураймын’’. ‘’Неге?’’-деп сурапты су тасушы. ‘’Кемдигимнин кесиринен еки жыл сенин миндетинди жартылай орындауына себеп болдым, толтырган суыннын уйге жартысын гана таси аламын... Сонын кесиринен сен енбегиннин толык отеуин ала алмайсын’’.
Сушы болса, ‘’Уйге кайтарда жолдын кенарындагы гулдерге коз салуынды отинемин’’ дейди.
Сурлеуди орлеп бара жатканда байкайды, расымен де жолдын бойы кунге шагылыскан адеми гулдерге толы екен. Бирак тагы да суды жартылай акелгенине уялган кумыра су тасушыдан жане кеширим отинеди.
Сол кезде су тасушы: ‘’Жолдын тек сен журген жагында гана гулдер оскенин, бутин кумыра журген тарапында гул жок екенин байкадын ба? Онин себеби мен сенин кемдигиннин озин пайдага асыра билгеним. Жолдын сен тарапына ар турли гулдер ектим, сен оны судан кайтып келе жатканда тогилген сумен суладын. Мен болса еки жыл бойы патронымнын дастарханын бул коз жауын алатын асем гулдермен ашекейледим. Сен мундай болмасан, патроным да бул асемдикти коре билмес еди. Байкадын ба, негизинде баримиз де тесик кумырамыз. Таниринин улкен жоспарынша ешбир нарсе зиян келтирмейди.Кемшиликтеринизден корыкпагын. Олар да бир пайдалы истин кози бола алады. Оларды пайдалы иске жарата билсек, биз де асемдикке себеп бола аламыз’’.

вторник, 15 июня 2010 г.

Қойшы мен алма ағашы
Қарт қойшы қойларын өрiстетiп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бiр алма ағашының түбiне барып дем алатын। Егер жемiс пiскен мезгiл болса, алма ағашымен тiлдесiп: - Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой,- дейтiн। Сөйткенше болмай, тiлi дәм үйiретiн, иiсi аңқыған, балбырап пiскен бiр алма жерге топ ете түсетiн. Қарт болса кiшкене бәкiсiмен, әлгi алманы тiлiмдеп кесiп, өзiмен бiрге ала келген торсығындағы айранымен қоса сәл жүрек жалғап алғаннан кейiн әкесiнен қалған Құранын баппен қолға алып, жайлап оқи бастайтын. Қойшы қарт бұл алманы осыдан жиырма жыл бұрын отырғызған кезде жиi-жиi суарып, намазының алдында бетi-қолын шайған дәрет суынан қалғанын да ырымдап, соның түбiне төгетiн. Қарт жүзiн шайған сол судың шапағаты тидi ме, әйтеуiр, алма ағашының тамыры тез жан алып, аз уақытта-ақ бой көтерiп, жемiс бере бастады. Қойшы қарт ол кезде жас болғандықтан, қай әдемi алмаға көзi түспесiн, кiшкене ғана ұмсынып, қол созғаны жетiп жатыр едi. Алайда, одан берi қаншама жыл iшiнде қарттың бойы аласарып, белi бүгiлдi, ал, алма ағашы жайқалып өстi. Бiрақ ағаш жайқалып өскенiмен, баланың аты бала емес пе, оны баласындай көретiн қарт ағаш бұтақтарын алақанымен жәй ғана сипап тұрып: - Қане, балам, - дейтiн, - бүгiнгi несiбемдi түсiре қой!Айтқанындай-ақ, көп бәлсiнбестен бiр алма түсушi едi. Бұл көрiнiс дәл сол қалпында бiрнеше жылдан берi қайталанып келе жатқан-ды. Тiптi қарт сұрағанда, алманың түспей қалған бiрде-бiр күнi кездескен емес.Ауыл адамдары болса, таңғажайып бұл құбылысты сырттай бiрнеше рет байқап, қойшы қартты әулиеге жорып қойғалы қашан. Қарт кiсi ағаш көлеңкесiнде аздап тынығып, намазын оқығаннан кейiн әдеттегiдей сол күнгi алмасын сұрады. Алайда, бiр таңқаларлығы, ағаш бұтақтары жемiске толып тұрса да, қарт қолына ештеме түспедi. Қарт өз қалауын қанша қайталағанмен бәрiбiр ештеңе бола қоймады. Күткенi орындалмай, кiрпiгi мен сақалы тарам-тарам жасқа оранған қарт үнсiз ғана алыстап, қойларына кетiп бара жатты. Жемiс бергелi «баласы» қарттың көңiлiн қалдырып көрген емес едi. Мәпелеп өсiрген «баласына» дәл осы жолы көңiлi қатты қалды. Көңiлi құлазыған қарт бойы бұл жолы тiптi шөкiмдей боп, бұрынғыдан да аласарып, белi де бұрынғыдан бетер бүкшие түскендей. Малын қайырып, ауылға бет алғанда мешiттен әуелеп шыққан азанға құлақ түрдi. Азан өте бiр ерекше, әуездi үнмен оқылып жатқандай. Тiптi, астарынан өзгеше бiр қуаныш та сезiлетiн секiлдi. Бiрден iркiлiп, бойын жинап ала қойды. Қарт байғұс өмiрге қайта келгендей күй кештi. Өйткенi, есiне бiр нәрсе түскен болатын. Бұл жолы көзiне қуаныштан жас алып, балаша мәз болған қарт бiрден әлгi алма ағашына қайта жеткенше асықты. Келе сала оны айналып-толғанып, кең иығын төсей құшақтаған қарт: - Күнiм,- дедi иегi кемсеңдеп жылаған күйi,- айналайын, балам, жарығым! Ұмытшақ мен байғұсты ренжiтпей тұрып-ақ бiлдiрсең болмас па едi?! Бүгiн Оразаның алғашқы күнi екен ғой?!.
"ДАЛА мен ҚАЛА" gazeti
Ислам - тұнып тұрған рақым діні. Сөздікте сәлем - есендікке жеткізу, бейбітшілік, адамдардың бір-біріне сенім көрсету, бейбітшілік орнату деген мағынаны береді. Алла тағаланың бір есімі де - сәлем. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Жаппар Иенің ақырғы пайғамбары да жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілген.
Пайғамбарымыз (с.г.с): «Жақсы іс - таныс, бейтаныс кісілерге сәлем беру», - деп баяндайды. Яғни, адамзатқа бейбітшілік нұрын шашу, Алла гағала Құран Кәрімде Пайғамбарымыз (е.ғ.с) жайлы: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік», - дейді, Ол - рақым пайғамбары. Шұғара сүресінде Алла тағала Пайғамбарына: «Олар иман етпеді деп катты мұңайып, өзіңді өзің жеп бітіруге шақ қаласың», - дейді. Оның халифасы Омар да бір християн дініндегі қарияны көріп, көзіне жас алады.
Неге жылағанын сұрағанда, ол: « Мына қария осы жасқа келгенше мұсылман бола алмапты», - дейді. Яғни, ол әлгі християнның өмірін ойлап, жылаған. Назар салсақ, үш діннің де рухында рақымшылдык, жылылық, шапағат бар. Ендеше, қазіргі таңда үш дін адамдарының үш жақ болып, бір-бірлерімен алауыз болулары ұстанған діндерінің негізгі ұстанымдарына қайшы келеді. Ислам барлық пайғамбарлардың жүріп өткен жолын құрметтейді. Өйткені мұсылмандар адамзатқа жіберілген барлық пайғамбарлардың алып келген діндерінің түп негізі бір екендігін және барлығы да бір жаратушыға бойұсынуды уағыздағандығын жақсы біледі. Қасиетті Құранда Алла тағала: «Ей, Мұхаммед, сен айт! Біз бір кұдайға иман келтірдік, біз өзімізге түсірілген (Құранға) Ибраһимге, Исмайылға, Ысқаққа, Жақыпқа және олардың ешқайсысын алаламаймыз. Біз Аллаға бойұсынғандармыз» (Әли Имран» сүресі. 84-аят), - дейді. Дәлірек айтар болсақ, Ислам Мұса (ғ.с). Иса (ғ.с.) т.б. пайғамбарлардың баршасын құрметтейді. Бұрынғы християндар мен яһудилердің біразы Мұхаммедтің (сл .с.) алып келген шариғатын мойындаған, тіпті олардың кеибіреулері ақиқатты іздеу жолында Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) жүздесу үшін Арабияға сапар да шеккен. Мұның өзі Исламға дейінгі діндердің бірін-бірі толықтырып огырғандығына, бәрінің қайнар көзі - бір Жаратушыға мойынсұну екендігіне дәлел бола алады. Біз християндар мен яһудилерді кітап иелері деп танимыз. Ендеше, бәрімізіе ортақ «Иман келтіреміз» деген сөзді тілмен айтып, жүрегімізбен бекіту арқылы Жаратушы иемізге баршамыз шынайы сүйіспеншілікпен бой ұсынайық! Жаратқан иемізден біздің сенімімізді күшейтіп, жүректерімізге кіршіксіз адалдық ұялатып, баршамызды хақ тура жолынан адастырмауын сұрайық.
Мұсылмандар, християндар, яһудилер және басқа да дін өкілдері болып, баршамыз бір Жаратушы иемізге иман келтірсек, онда қазіргі біз өмір сүріп отырған әлемде қауіп-қатер әлдеқайда сейіліп, ата-бабаларымыз армандағандай, мамыражай заман орнар еді. Бізге қасиетті Құран басқа да дін иелерімен, егер олар исламға және мұсылмандарға қарсы келіп, дұшпандық әрекеттер жасамаса, өзара түсінісіп, сыйластықта болуды бұйырады. Қасиетті Құранның кез келген аяттары жақсылыққа шақыра отырып, исламға тағылған әр түрлі «измдерді» түбірінен жоққа шығарады. Қасиетті Құранды оқып түсінген адам ондағы аяттардың бейбітшілік пен тыныштыққа шақырып, ұлттар мен ұлыстар арасындағы кауіпсіздікті нығайтуға үндейтіндігін оп-оңай-ақ түсінеді. Міне, исламның осындай ізгілік пен кайырымдылыққа тұнған асыл құндылықтары әлемдегі өркениеттер, әлемдік және дәстүрлі діндер, сондай-ақ мәдениеттердің одан әрі қанатын жайып тығыз қарым қатынаста болуы. Өз дінін насихаттап, өзге дінмен бірге әлемде бейбітшілік орнату әр мұсылманның басты парызы.
«Жетісу» газеті, №134, (16825),
…Бағдатта елді аштықтың қатты бір тықсырған кезі.Бұл қиын жағдай әсіресе қолындағы арқанымен әркімнің жүгін тасып, солардың ұстатқан азын-аулақ тиын-тебенімен күнелтетін жүктасығыш «хаммалдардың» қабырғасын қайыстырып, жандарына қатты батты. Бір күні жүк тасушы хаммалдың біреуі жаңа піскен нан исі бұрқырап шығып жатқан жатқан бір үйдің тұсынан өтіп бара жатып аштықтан бұратыла ішке дауыстады:- Неше күннен бері нәр татпаған мен бейбаққа Аллаһ ризалығы үшін бір үзім нан беретін жан болар ма?Тандырдың қасындағы шешей жаңа піскен ып-ыстық күлшеден қызына беріп жатып «Ана кісіге ұстат» деді. Қызы бір ауыз сөзге келместен ыстық күлшені жақсылап ораған күйі аш хаммалдың қолына ұсатты.Хаммалдың қуанышында шек жоқ. Неше күннен бері бір күлшеге зар болып еді. Енді міне сол тілеуін Құдай аяқ астынан берді деген сөз.Бірден үйіне қарай бет алды. Алайда дәл осы мезет ту сыртынан естілген өктем дауыстан тұрған орнында қатты да қалды. Ол дауыс:- Айт, тез, андағы нанды қайдан алдың?- деді.Бұл байғұс жаңа ғана шыққан үйін қолымен нұсқады.Қабағы онсыз да қату әлгі кісі ашуланған күйі:- Бәсе,- деді,- мынадай заманда басқа кімнің үйі елді жарылқап нан береді дейсің?!Сөйтті де үйіне барып:- Қайыршы хаммалға нан берген қайсысың?- деп айғайлады.Әйелі байғұс қатты қорыққандықтан жең ұшымен қызын көрсетті. Онысы – қызына жаны ашыр, басы артық қылыққа бара қоймас деген ойы еді. Алайда қыздың әкесі сараңдық пен ынсапсыздықтың ауруына мықтап шалдыққан болатын. Сондықтан да болар ойланып жатпастан босағада тұрған таяқпен «нан берген қолың осы болса» деп қызының қолынан оңдырмай салып қалды. Қыздың баж еткен даусы ғана шықты. Өйткені, онсыз да нәзік қолы сол мезет сынып кетіп, өмірлік мүгедек болып қалған-ды. Оған қарап жатқан әке бар ма?! Ол өз ісін іштей дұрыс деп түйді, «елдің бәріне нан тарата берсем бұл үйде нан қала ма» деп ойлады.Алайда оның бір нәрсені ақылға салып таразылауға, түйсінуге парасат-пайымы жетпеген еді. Ол – өзіне нәсіп етілген әрбір нығметке шүкір ету қажеттілігі еді. Яғни адам баласы да әрқашан Аллаһ Тағаланың маңдайға бұйырған әрбір жақсылығына іштей шүкіршілік қылып, соны біліп жүруі керек. Өйткені шүкір ұмытылған жағдайда Аллаһ Тағаланың ол адамды бар жақсылықтан мақұрым ғып, құр алақан қалдыруы демде еді.Айтқандай-ақ осы бір ақиқат шығайбайшыл әлгі сараңды өз ырқына бас идірді де. Көп өтпей-ақ ісі өрге баспай, кетеуі кете бастаған әлгі үй иесінің базардағы сауда орнын сатуы да сол берекесі қашқан тірлігінің бір көрінісі еді. Аз-ақ уақытта кедейленіп шыға келгені соншалық, бір күндері нан таппайтындай жағдайға қалай душар болғанын да өзі сезбей қалды.Салы суға кетіп кешқұрым үйіне қайтқан ол үйдегілерге мынаны айтуға мәжбүр болды:- «Болды енді, менен үміттеріңді біржолата үзіңдер! Бүгін күні бойы нан алатын ақша да таба алмадым. Қызым, бүгін сен одан да базарға барып өткен-кеткендерден біраз нан алатын ақша сұрап қайт!»Қызы қол жайып қайыр сұрауға қанша арланса да шарасыздықтан қысыла-қымтырыла базардағы бұрынғы дүкендерінің алында тұрып таныс біреу-міреу кездесіп қалар ма екен деп күте бастады.Сәлден кейін-ақ өзін байқаған әлгі дүкендегі кісі келіп:- Сенің бір қыжалатың бар секілді. Бұл жерде кімді күтіп тұрсың?- деп сұрады.Қыз лажсыздан бар шындықты жасырмай айтты:- Шыны керек, нан алатын ақшамыз болмай, қолыма бірдеме ұстатар таныс кісілер кездесіп қалар ма деп тұрған жайым бар…Әлгі кісі қолын бірден қалтасына салып біраз ақша алып «мә, ала ғой» деді. «Сен бұған қалағаныңша нан сатып ала аласың. Мен де сенің арқаңда Аллаһтың өзіме жасаған жақсылығына аз да болса шүкіршілігімді қылған болып саналамын»,- деді.Қыздың манадан бері бір қолын артына жасырып, берген бір уыс ақшаны да бір-ақ қолымен алғаны әлгі кісіні таңдандырмай қоймады. Сол сол-ақ екен:- Қолыңда жара болса, айт, емдетіп берейін. Неге артыңа көрсетпей жасырып тұрсың? Аллаһ маған көп нығмет-несібе бергенде мен де оған шүкіршілік етіп басқаларға жақсылық жасауым керек емес пе?- деді.Қыз қолы жайлы қанша айтқысы келмей тартыншақтағанымен, әлгі кісі сұрап тұрып алғаннан кейін айтуды жөн көрді.- Кезінде мен бір пақырға нан берген едім. Әкем әлгі байғұстан «нанды қайдан алдың» деп сұраса ол біздің үйді көрсетіпті. Әкем қатты ашуланып, үйге келе сала нан берген қолың осы болса деп менің қолымды таяқпен ұрып, өстіп мүгедек қылып тастады. Көрсетуге ұялатындықтан ел бетіне көрінбей үйде отырамын деп күйеуге де шықпай қалған жайым бар…Әлгі кісі қыздың айтқандарын ести сала бар көрші-қолаңын шақырып айғай салады.- Әй, көршілер! Келіңдер, мен өз қиялымдағы ақ жүректі аруды енді таптым. Ол, міне, алдарыңда тұр. Сендер де менің бұл ісіме куә болыңдар!Сөйтеді де аң-таң болып тұрған қызға болған жайды әңгімелеп түсіндіре бастайды:- Кезінде сенен нан сұраған бейбақ мен едім. Мен ол кездері елдің жүгін тасып күнелтетін кедей бір хаммал едім. Демек қолыңның сынғанына мен себеп болған екем. Сенің қолыңның сынғанына себеп болып қана қоймай, сенің тұрмыс құра алмағаныңа да себеп болғаным жарамас. Бұған Аллаһ Тағала да разы бола қоймас. Сені көргенде іштей ұнатып қалғаным да рас. Маған нан берген қызға қатты ұқсайды екен деп қадала қарап қалған едім. Қателеспеген де екем. Әкең шүкіршілік етпегендіктен қолындағы барынан айрылып қалды. Ал керісінше оның айрылып қалған байлығын Аллаһ Тағала маған нәсіп етті. Мен ондай шүкіршілікті білмейтін адам емеспін. Кел, екеуміз одан да некемізді қиғызып, отау құрайық. Әкеңді де қиыншылықтан құтқарармыз.Екеуі бірге қол ұстастан күйі қыздың әкесіне көмектеспек ниетпен жолға шығады…«Шүкір етсеңдер ырыс-несібемді молайта түсемін. Ал шүкіршілікті ұмытсаңдар, қолдарыңдағы нығметімді аламын да шүкіршілігі бар басқаларға нәсіп етемін. Шүкіршілік етпегендерді әрі қатты азапқа ұшыратамын…» (Құран Кәрім, 14/7) Қ.Бағашар, Тағлым тамшылары кітабынан

воскресенье, 16 мая 2010 г.

Есейіп кетсек те, біз саған сәбиміз...

...Еееең алғаш өлең шығарғаным тұп-тура бүгінгідей көз алдымда। 4-сыныпта едім। Ана тілінен Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» дейтұғын әңгімесі бойынша ашық сабақ өткізілетін болды да, Гүлжан апайымыз үйге көктем туралы тақпақ жазып келіңдер деп тапсырма берген еді। Пәлендей қиналғаным жоқ, лезде екі шумақ өлең жазып тастадым. Ішіме сыймай дереу үйдегі жиен әпкем, біздің мектепте ағылшын тілінен сабақ беретін Римма апайыма көрсеттім. Ол өзімнің шығарғаныма пәлендей сене қоймаған болуы керек, көңілімді жықпайын деп, жақсы екен дей салды. Мұнан кейін әкемнің жұмыстан келуін күтейін. Әкем табалдырықтан аттар аттамастан жаңалығыммен бөлісіп үлгердім. Әкем болса, өз жасыма лайық, төрт аяғын тең басқан тақпақты көріп, риясыз қуанды. Мақтады. Ертесі күні өткен ашық сабақта мектеп директоры, оқу ісінің орынбасарынан мақтау естігенімде төбем көкке екі елі жетпей қойған еді. (Өкініштісі сол, өлеңімнің мәтінін еске түсіре алмадым). Бұл оқиға, әрине, жиен әпкемнің де, оқу ісінің орынбасары Салтанат апайымның да есінен сол күні-ақ шығып кеткені анық. Ең аяғы әкемнің де бұл күнді ұмытып кеткеніне дауым жоқ. Алайда менің балаң көңілімде осыншалық із қалдырған бұл күн үшін еңбегі сіңген екі нәрсе бар болса, біреуі «Ұлан», егер біреу болса, ол да сөзсіз «Ұлан» газеті еді. «Ұлан» газетімен таныстығым хат танымай тұрып басталса, достығым әріп танығаннан бері жалғасып келе жатыр. Олай дейтінім, мен мектепке бармай тұрғанда-ақ атамның үйіндегі ересектер жаздырып алып оқитын-ды. Хат танымайтын мен суретін көргенді қанағат тұтушы ем. 42 әріпті танып біткен соң-ақ бұрын құпия болып келген формулалардың сыры ашылып кеткендей, «Ұлан» бетіндегі жазулар да маған жылыұшырай бастады. Бір қызығы, мен әуелі өзге балалардай «Балдырғанмен» дос бола қойғам жоқ, «құласаң, нардан құла» дегендей, дереу ересектер газетімен сауатымды аштым. Осылайша «Ұлан» мені сырға толы қызықты әлеміне тартып әкетті. Ішінен іздегенің табылатын әмбебап оқулық біздің жеке дүниемізді байытқаны сонша, мектеп оқулықтарын місе тұтпайтын болдық. Оқу жылының басында берілетін ана тілі, онан кейінгі сыныптардағы әдебиет кітаптарын алғашқы үш-төрт күнде түгесіп тастап, онан кейін апта сайын «Ұланды» зарыға күтетінбіз. Ұмытпасам, сегізінші сыныпта болу керек «Ұланға» арнап мынадай өлең шумақтарын жазғаным бар:
Бала кезден желпілдеген тұлымым,
Өзіңменен бірге менің ғұмырым.
Тағылымы мол беттеріңді ақтарып,
Маржан сөзін жаттап өстім ұлының
Әр сөзіңнен мол ғибрат аламын.
Саған құмар елімізде бала мың.
Бағыт берер ақылшымыз сен ғана
Жеке дара пырағындай даланың.
Осылай ең алғаш «Ұланға» хат жолдағаным есімде. Алайда шалғайдағы ауылдың пошта жүйесіндегі ақсақтықтардың кесірі ме, әлде басқа бір себеп болды ма, хатым газет бетінде жарық көрмеді. Менің «Ұланға» хат жолдауымның алды-арты осы болды. Бірақ баяғысынша, қайталанбайтын тартуларымен ой-өрісімді кеңейте беретін-ді.
Оныншы сыныпта үлкен шаһарға оқуға келдім. Елден кетерде «Барған соң ең алдымен міндетті түрде «Ұланның» редакциясына барам» деп тастүйін дайындалған ем, алайда ауылдан енді ғана шыққандығым бар, ұялшақтығым бар, жүрексініп бармай қойдым. Шаһар мектебінде оқыған ең алғашқы екі айым «Ұлансыз» өтті. Газет дүңгіршектерінде сатылмайды, мектеп кітапханасында да жоқ болып шықты. Уақтылы дозасын ала алмаған аурудай сіркем су көтермей, әрі-сәрі күй кешіп жүріп, оның да амалын таптым. Мектебіміздің жанында нөмірі он жетінші кітапхана бар екен. Ішіндегі кітапханашылар да жылы жүзді, оқырман қабылдауға құлшынысты адамдар көрінді. Екі күн тапжылмай отырып қыркүйек-қазандағы нөмірлерін түгесіп шықтым. Әупіріммен қалған төрт айды өткізіп, сонан соң қайтадан жазылдым-ау әйтеуір. Жанымдағылар «Сен ендігі ересек болдың емес пе? Анау «Жас Алаштарды» оқымаймысың?» деп ақыл айтып қояды. «Ұланның» жас талғамайтынын олар қайдан білсін.
«Ұланның» редакциясын көрсем-ау деген ой қайта қылаң бере бастаған шақта мектебімізде Абай оқулары өтіп, соған «Ұланның» бас редакторы Сұлтан Қали ата қазылыққа келді. Сол кісіге өлеңдерімді көрсетіп, батасын алған соң «Ұланның» редакциясына жиі-жиі соғып тұратын болдым. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, Сұлтан ата менің өлең жазуды игеруіме өлшеусіз еңбек сіңірді. Ұйқастары әлтек-тәлтек, мағынасы солғындау өлеңдерім Сұлтан ата бір оқып шығып, кеңесін берген соң дереу ширап, төрт аяғын тең басып шыға келетін. Ол кісі өзі өңдемейтін-ді, қателерімді айта отырып, өзіме қайтадан жаздыратын. Арзан, жаттанды ұйқастардан арылып, тың ұйқас іздеу әдетін осы Сұлтан ағай қалыптастырды менде.
«Ұлан» газеті жас тілшілерінің бір-бірімен хат алмасып, достасып, фестивальдерде немесе он бір бітіріп, оқуға келгенде көрісіп жататыны да бір ғанибет қой. Менің өзім ешқайсысымен хат алысып көрмесем де, оқуға келгенде танысып, кейбіреуімен жақын дос болып кеттім. Бұл да «Ұланның» арқасы.
Айта берсем «Ұланның» менің өмірімде ұлағаты шексіз. Түптеп келгенде қазір Түркияда оқуыма да «Ұланның» септігі тиді-ау деп батыл айта аламын. Біздің ішкі дүниемізді байытып, айдындатпаса, біз осынша биікке көтеріле алар ма едік?!
Қазір өзім араласатын Стамбул Университеті журналистика бөліміндегі студенттердің көпшілігі біз кешкен сезімді бастан өткермегенге ұқсайды. Зерттедім, бұлардағы ешбір газет бізге «Ұланның» бергенін бере алмапты. Ешбірі біз құсап орта мектепте оқығанда балалар газетінен хат күтпепті. Немес апталық газеттің жарыққа шығуын сарыла тоспапты. Біздің балалық – ең таза, ең мөлдір, ең пәк балалық. «Есейіп кетсек те, біз саған әлі сәбиміз, «Ұланым»!
Ширек ғасырдың астамын жасаған «Ұланымның» ұлағаты ғасырларға жалғаса берсін деп тілеймін!