среда, 25 февраля 2009 г.

Мундайга не деуге болады?!

Мана кешке таман 31-арнанын жаналыктарынан Карагандыдагы бір орта мектептін бастауыш сынып окушысына мугалимасы хиджаб кигені ушін дауыс котергенін естіп жагамды устауга мажбур болдым. Ау, біз дінге бостандык берілген зайырлы мемлекет емес пе едік?!.. "Кудайдан корыкпаганнан корык"деген... Біздін елде окініштісі діни сауатсыздар алі де коп кой, сондай кертартпалардын кесірінен біздегі орамал тагып журетіндерге деген козкарас аркалай. Булай жабык журуді артык ауресі коп іс деп санайды. Бір соракысы мундайлар нагыз тарбие ошагы саналатын мектеп пен ЖОО мугалімдері арасында коп. Оздері оранбаганымен коймай алгілерге: Жап-жас боп оранып алганын не? Омірдін кызыгын кормеймісін, - деп "акыл" айтатынын кайтерсін! Кордайдагы менін 4-сыныпта окитын сінлімнін сыныбында осындай оранып журетін кыздын ата-анасы келіп мугалимасына:Мумкіндік болса ул баланын касына отыргызбасаныз екен,-деп отініш жасаган корінеді. Муны да не деген "бестолковый ата-ана" деп кусталайтын корінеді. Сауатсыздыктары гой, айтпесе мундай ата-анадан айналмай ма!?..

Санак басталды

Бугін корпус жактан отіп бара жатсам, корпустын ішіндегілердін барі тайлы таягы калмай сыртка шыгып алыпты. Жер сілкінісі болайын деп жатыр ма, бул не деп зарем калмай тез-тез журіп калашыктан шыгып кеттім. Озім бір жакка асыгап бара жаткандыктан сол жерде тургандардан сурауга да мурша болмады. Мана тустен кейін "Жас казакка" барганымда санактын басталганын естідім де, сонын дурбелені болар деп жорып койдым. Санаса санасын, бірак жогарыдагыдай етіп сыртка шыгарып койып кой санагандай санаганы кызык екен...
Жалпы санак ресми турде бугін басталганымен жер-жерде алдекашан басталып койганга уксайды. Мен Кордайда кыскы каникулда (шамамен кантардын 4-5-тері) жургенімде санак алушылар келіп кеткен болатын.
1999 жылы санак болган кезден есімде калганы(ол кезде мен 11 жаста екенмін) санак біткен куні акімшілік кызметкерлері(онын ішінде менін ата-анам да бар) кадуілгідей дастархан жасап тойлаткан. Санакты ойдагыдай откізгендерін мейрам кылды ма, алде елді мекен тургындарынын саны межелі корсеткіштен асып, соны тойлады ма, онысы маган беймалім.Тек тойлаганы гана есімде.