пятница, 30 апреля 2010 г.

ДАНЫШПАН МЕН САРАҢ АДАМ

Асқан бай бірақ сараң адам данышпанға келіп ақыл сұрайды.
Данышпан оны терезенің алдына әкеліп:
– Терезеге қара, не көріп тұрсың? – деп сұрайды.
– Жолдан арлы-берлі өткен жүргіншілерді және жолдың шетінде алақан жайып отырған тіленшіні көріп тұрмын, – деп жауап береді бай.
Данышпан басқа бір бөлмеге кетіп, үлкен бір айнамен оралады да сараңнан:
– Ал бұл айнадан не көріп тұрсың? – деп сұрайды.
– Өзімді
– Көрдің бе, айна да, терезенің әйнегі де бір зат, яғни шыныдан жасалған. Бірақ айнаның үстінде жұқа күміс қабаты бар. Сол себепті өзіңнен басқаны көре алмайсың. Дәл сол секілді, асылында адамның жүрегі де мөлдір. Алайда алтын-күміс секілді дүние әшекейлерімен жүрегімізді қаптасақ, өзімізден басқа ешкімді көре алмаймыз... Яғни берер ақылым, ол жүрегіңді тазала, – деген екен сонда данышпан.

четверг, 29 апреля 2010 г.

Түстер сыры


Қарадеңіз Университеті медицина факультетінің профессоры Мұстафа Гүлер түстердің адам өмірінде айтарлықтай ықпалы бар екенін айтады. Тіпті ол аз десеңіз, түстер түрлі ауруларды емдеу үшін де ескі замандардан бері қолданылып келеді. Медицинаның атасы Гиппократ ауруға диагноз қоярда оның шашының, тәнінің, көз, құлақ, тіптен несебінің түсіне қарап болуы мүмкін аурулардан хабардар ететін көрінеді. Сондай-ақ медицинаның негізін салушы Ибн Сина да көгілдір реңнің тыныштандырғыш, қан айналымын баяулататын сапаға, ал қызыл керісінше құмарлықты арттыратын қасиетке ие екендігін айтқан.
Көгілдір жалғыздықты, қамығушылықты, депрессияны, білгірлікті, сенімділікті және берілгендікті білдіреді. Ең алғаш іс көрісулеріне барғанда көк киім киіп барған дұрыс дейді мамандар. Көк киім сіздің шешім қабылдауда батыл, жанкешті, тәуекелшіл екендігіңізді айғақтайтын көрінеді.
Көгілдір рең көп қолданылатын, кең таралған реңдердің бірі. Алайда солай екен деп оны кез-келген жерге жапсыра бермеген жөн дейді. Әсіресе ас бөлмесіне жолатпау керек. Өйткені көгілдір түс тамаққа деген тәбетті жоғалтады екен. Торт, түрлі тәттілердің де ішіне көгілдір түс араластыруға болмайды. Өйткені көгілдір түсті көрген кезде адам санасында көгерген, бұзылған тағамдар елес береді де, ол дереу әлгі тағамға деген тәбетті жояды.
Көгілдір адамды тыныштандыратын бір рең. Өзін-өзі өлімге қиюшылықты азайтатындықтан батыста көпірлердің кенарын көгілдір түске бояйды екен. Жүйке жүйелері үшін пайдалы делінеді. Сондықтан жатын бөлмені көгілдір түспен жасақтау ақылды шешімдердің бірі көрінеді. Алайда көгілдірдің тым қою реңкін қолданбаған жөн. Өйткені ол суықтықты, қараңғылықты сипаттайтын болғандықтан ұйқыға кетерде кері әсерін тигізеді.
Көгілдір түсті бөлмеде еңбек ету нәтижелі көрінеді. Аталмыш реңді бөлмеде сынақ тапсырған студенттер жоғары нәтижелер көрсетсе, штанга көтеретіндер өз мүмкіндігінен біршама ауыр салмақты көтере біледі екен. Көгілдір реңмен жазылған жазулар да есте жақсы сақталады екен.
Қызыл түс ыстық, қан, құмарлық, ғашықтық, берілгендік, күш, қызуқандылық, агрессия секілді ұғымдарды сипаттайды. Қан қысымын жоғарылатады және тыныс алуды жеделдетеді. Адамдарды жылдам шешім шығаруға, ынталандыруға ықпал ететін бір рең.
Қызыл түс адамның назарын тез баурайтын рең. Дизайн және декорацияда көзге бірден түсетіндіктен қызыл реңді көп қолдансаңыз ұтылмайсыз. Қызыл түсті киім күш, энергия беретін көрінеді. Қызыл бір жағынан үстемдік реңі. Біреуді жасыту үшін, еңсесін түсіру үшін қолданылады.Қырмызы түсті бөлмелер адамның тынышын кетіреді. Шашыраңқы қырмызы реңді бөлмелер адамның уақытты айыра алмауына жол ашатын көрінеді. Сол себепті казино, бар, клубтарда көп қолданылады. Және бір айта кетері тәбетті ашатын түс болғандықтан ресторандар да декорациясының көп бөлігін осы реңнен жасақтайтын көрінеді.
Сары түс көзге аса зиянды. Сары түске боялған бөлмеде нәрестелер жылауын үдетсе, үлкендер тез ашуланғыш болады екен. Сондай-ақ сары түс метаболизмді жылдамдатады. Сары рең әлсіздеу қолданылғанда жылылық және жарқыл, жалтылдау, яғни әсемдік береді. Күн көзі секілді, жылынуды қалайсыз, бірақ қарауды қаламайсыз, көзіңізді шағылыстырады.
Сары көп дінде жаратушының бар екенін сипаттайтын бір рең.
Жасыл көпшілік ұғымында қарым-қатынасты білдіреді. Бірақ жалпыға ортақ таным бойынша табиғатты және жастықты бейнелейді.
Көз үшін өте пайдалы.Сонымен қатар тыныштандырады, жүйке жүйелеріне жағымды әсер береді. Телевизорда эфирге шығардың алдында адамдарды толқымасы үшін жасыл бөлмеге кіргізіп күттіретін көрінеді. Аталған рең сондай-ақ ауруханаларда да емшелушілердің сабырсызданбасы үшін көп қолданылады екен. Асқазан ауруларына пайдалы делінеді бір зерттеулерде. Жасыл қабырғалы алаңдарда адамдар асқазан ауруымен шағымданбайтын көрінеді.
Жасылдың түрлі реңлері түрліше әсер береді екен:
Қою жасыл - суықтық, байлық, еркекшоралық, кертартпалықты сипаттаса,
Көк жасыл - жағымсыздықты, негативті,
Зәйтүн жасылы - татулықты, бейбітшілікті,
Сарғыш жасыл – тұтынушылардың басқа жасылдардан артық көретін реңі.
Жасыл Америка мәдениетінде ақшаны сипаттайды.
Қызғылт (оранжевый) түс ыстықтық, саулық, разылық, жемістілікті сипаттайды. Күшті және жомарт бір сипаты да бар.
Қызғылт құпиясы жоқ, кең таралымдағы, тартымды бір түс. Мәселен бір өнімнің әрқайсыға қолайлы екенін немесе қымбат екенін көрсету үшін қолданылады.
Қара даулы бір рең. Бір жағынан қараңғылық, қара күш, кінә, негативпен байланыстырылса, бір жағынан берілгендік, табандылық, қажырлық, қайсарлық, өжеттік, тұрақтылық, шыдамдылықпен, қырағылықпен, білгірлікпен, сенімділікпен байланыстырылады. Бір жағынан басқару және күш мағынасына келсе,екінші жағынан қайғы-қасірет, бақытсыздық, аза (траур) мағынасына келеді. Бізде және батыста бақытсыздық, аза тұтуды білдірсе, Жапонияда бақыттылықтың түсі көрінеді.
Қара басым көпшілік үшін киім түсі. Кейбірі қараны байсалды көріну үшін киеді. Біреулері болса арық көріну үшін. Айрықша бұл рең қалың және нәзік көрінеді.
Ақ саф тазалықты, пәктікті, күнәсіздікті бейнелейді. Көп мәдениетте келіндер ақ киінеді. Айрықша тазалықтың белгісі болғандықтын дәрігерлердің, лабораторияда қызмет жасаушылардың киімінің түсі.
Сондай-ақ ақ - жаз айының киім реңі.
Күлгін асылзада, ақсүйектердің түсі. Байлықты және жеңісті бейнелейді. Сонымен қатар романтизмнің, айрықша сезімталдықтың, ғашықтықтың символы.
Бұл түс табиғатта ең сирек кездесетін түс. Ертеде адамдар күлгін рең шығару үшін теңіз бақалшақтарын қолданған. Бұл өте қиын жұмыс-ты. Кейбіреулері күлгін түсті тез көзге түсетін демонстрация реңі болғандықтан декорацияда қолданғанды жақсы көреді. Кейбірі бұл түсті жасанды түс деп, қабылдамайды.
Қоңыр топырақтың және ағаш,тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр табиғи, тыныш, жайлы, ашық бір атмосфераны қамтамасыз етеді. Көбінде еркектердің сүйікті реңкі. Кейде кейбір тондардың ескірген, оңған түрі секілді де әсер береді. Айтпақшы қоңыр реңкке байланысты зерттеулердің соңы мынадай нәтижеге ұласыпты: Бір өнер музейінің қабырғаларын қоңырға бояғанда музейді тамашалаушылар тез-тез аралап, ол арадан жылдам аяқтарын жалтыратыпты. Ал ақпен боялғанда көрушілер ұзақ уақыт аралаған. Сондықтан дүниедегі фаст фуд ресторандары үстел, орындықтарын дереу қоңыр түске ауыстырған көрінеді. Расымен де, ақ қабырғалы фаст фуд ресторандарын кездестіру қиын.
Алқызыл (розовый) романтиканың және нәзіктіктің, әсемдіктің реңі. Тыныштандырады. Жайландырады және жүректі жұмсартады. Түрме торларын ал қызылға бояғанда түрмедегілердің арасында агрессивті әрекеттер азайған. Адам ашуланғысы келсе де алқызыл түстің қасында онысы оңайға түспейтін көрінеді. Жүректің тамырлары жылдам әрекет ете алмайде екен. Аталмыш түс энергияңды басатын тыныштандыратын, персен дәрісі секілді көрінеді. Тіптен рең соқырлары, яғни реңге мән бермейтіндердің өзі сабырлы қалыпқа түседі екен. Алайда соңғы зерттеулерге сүйенсек, өкініштісі сол, мұның әсері қысқа бір сүреге ғана созылады екен. Ағза бұрынғы халіне келгенде бұрынғысынан әлдеқайда агрессивті болады екен.
Түстердің рухымызға берер жағымды энергиясымен тыныш, саналы да парасатты ғұмыр кешіре білгенге не жетсін.

ЖУРНАЛИСТИКАНЫН БЕЙМАЛИМ БЕТТЕРИ...







Мүмкін журналистиканың қайнаған ортасында жүрмегендіктен шығар, осы кезге дейін қанша журналист жазбасын оқысам да, түнгі журналист деген ұғыммен немесе тіркеспен қарсыласып көрмеппін. Түркияның ақпарат айдынына шыққанына қырық жыл өткен «Түркия» аталатын газеттегі бір мақаланы оқыған соң ғана онсыз да жүгі жеңіл емес мамандықтың түнгі тілшілік деп аталатын тәуекелі көп һәм де ауыр саласы бар екенін көзім жетті. Аталған қиын саланың жүгін көтеріп жүрген тілшілеріміздің көпшілігіміз біле бермейтін ішкі сырын, хал-ахуалын байқату үшін Құртбай Онур атты түрік журналисінің жазбасын сіздерге ұсынуға бел байладым.
Құртбай Онур еңбек жолын 1994 жылы Ыхлас ақпарат агенттігінде түнгі тілші (ночной корреспондент) болып бастады. 1995 жылы Inter Starда түнгі тілші қызметін атқарды. Бұдан кейін біраз уақыт Канал Е телеарнасында түнгі тілші болды. 1997 жылдан бері Түркия газетінде спорт, өнер, мәдениет, ақпарат бөлімдерінде қызметін жалғастыруда. 2004-2007 жылдары үш жыл қатарынан «жылдың хабары» сыйлығын иеленген. Үйленген, бір ұлы бар.
КЕШКІ ЖОРТУЫЛ
Түнде жұмыс істеу сені адам атаулыдан айырады, жалғызсыратады. Түн сені шаршаған үстіне шаршатады. Түнде дос аз, қарсылас және хабар көп.
Қараңғылық, суықтық, тұйықтық және стресс.Асфальт жолдар ызғарлы, дымқыл. Сен ыстық мейірім атаулыдан ұзақтатады.
Мамандығымнан шалғай, әріптестігі жоқ бір досым бірде «Бүтін журналистиік өміріңде қанша өлі көрдің» деп сұрады. Көз алдымнан сұрқай суреттер киноның лентасы секілді жылжып өтті.
Күйген, автокөлік қаққан, апатқа ұшыраған автокөлік ішінде қалған, жоғарыдан секірген, ұрылған, уланған... Мыңдаған... Мыңдаған...
Қазір маған бұны да әңгіме деп айтып отырсың ба дер, бірақ басқаша қалай жеткізем?
Сізден сұрайыншы, өміріңізде қанша рет шашылған мый паршаларын, қан көлін жаңылысып бастыңыз?
Қанша рет бір адамның жан-жаққа шашылған қолын, аяғын денесін жинадыңыз?
Қанша рет көзіңіздің алдында бір адам көпірдің кенарынан өзенге тура атылды? Қанша рет осындай қараңғылықта жылт етіп барып, жоғалған, жан берген адамды сол аралықта фототаспаға жаза алдыңыз?
КӨШЕЛЕР ҚАСІРЕТКЕ ТОЛЫ... ОЛ КЕШТЕРДІ АҢСАЙМЫН БА ЕКЕН?
Бүгінге дейін сұп-суық түнде қабырғалардың түбінде «анаммммммм, әкемммммм қайдасың?» деп өксіген жетімдермен сөйлестіңіз бе? Тым құрыса бір тіленшімен наныңды бөлістіңіз бе? Олармен әңгіме болсын деп бірге сорпа іштіңіз бе?
Сыртқа қуылған, суықтан тісі-тісіне тимей дірілдеп, іші от боп күйген қариялармен дерттестіңіз бе?
Күйеуі ұрып, үйінен қуған, мұздан суық паркетте еріндері дір-дір еткен жас ана мен үш-төрт жасар қызының көзіндегі үрейді байқадыңыз ба?
Кім зорлағаны, кім тонағанынан өзі де бейхабар турист әйелдің абдыраған қарасына назар аудардыңыз ба?
Бахчеліевлердегі қанның ішінде жатқан әйелді қайтып ұмытайын. Аналары көз алдарында өлтірілген екі сәбиді құшағыма алып, бастарынан сипағам, бірақ олар аңсаған шапағат менікі емес екені бесенеден белгілі...
Сол түні «тақырыпты жабу» үшін аналарының өлі денесін суретке түсіргем. Жақсылық емес-ті әрине.
Шындығыңызды айтыңызды, құбырға тасталған денесі әлі суып үлгермеген нәресте көрдіңіз қанша рет? Қанша рет бақытсыз бір шарананы құшақтадыңыз?
Тек сүйгеніне бару үшін ғана тышқан уын ішкен арудың басынан өткенін тыңдадыңыз ба еш?..
...Сүлеймание ескі бір мекен-ді асылында. Тұманды бір түнде ол жердің жұпар иісті ағаштары кесілді, жағылды. Бірер күн өткен соң автопарк болды ол жер.
Бір күн бұрын жастанған манолия ағашы бүгін жайма базар саудасы үшін әжетке жарап тұр. Сөре боп.
Көшелерде ешбір қорқыныш жоқ. Өткенімізді де, келешегімізді де бізден тартып алуға асық.
Бағджыларда Жүзжыл аталатын полиция бөлімшесінде Ержан ағабей бар-ды... Бір үйде кәрі ата пышақталып өлтірілген екен. Олар бөлімшеде, бізде көліктің ішінде екі сағат ішінде қылмысты ашып ек. Сенесің бе, құдай қосқан көршісін алтын үшін шімірікпей өлімге қия салған.
Кейбір түндері көшеде тоңып өлген қария, балалар көрерсіз...Қазір әкемін... Ұйқысыз кештерде, бауыр етімнің - баламның үстін қымтаған әке...
Тұманды түндерде «хабар аңшылығына» шыққан күндерді сағына ма екем?
Білмеймін...
Гази махалласы, Нұртепе, Кайытхане, Сарыгази, Умраниеде бірінші мамырдағы шабуылдар, дау-дамай, басып алу. Бар, павильон операциялары.
Заңсыз митингілерде һәм көтерілісшілерден, һәм полициядан жеген таяқ...
Баскесерлерден, маскүнемдерден, есірткі сатушылардан естіген бопса, балағат...
Есірткі сатуға қатысы бар Долапдере бандасының түсірген бір-ақ шаршы суретім үшін Таксим шағынауданында ауруханалық болғанша соңымнан қалмай жабылып мертіктіргендері.
Әке шешенің балаларына, балаларының ата-анасына, бауырдың бауырға, достың досқа жасағандары...
Кешкі тілшілік жас кезімде жалғанды, алдауды, опасыздықты, жан ашымастықты ащы бір дәмде үйреткен тұғын маған.
«Алайда мен соғыс тілшісімін» дегендерден сұраймын, «Сіздің көргеніңіз соғыс та, ал менікі не?»
Жазатын әлі көп нәрсе бар, алайда...
Хатшылар пішпей тұрғанда нүктесін қояйын.
Өз дәмінде қалсын...

понедельник, 12 апреля 2010 г.

Бала бағушылық ерлердің кәсібі ме?


Алғаш естігенімде таң қалдым, құрбым Айгерім болса, мұнайды тек түріктерден күтуге болады деді.Ескіде әйел мен ер жынысының міндеттері, айналысатын істері, киімдері, құлықтары мен қылықтарына дейін бір-біріне ұқсамайтынды. Қазір анау айтқандай айырмашылық байқала бермейді. Ерлер киетін шалбарды төмен етектілер кию модаға айналғалы қашшшшшшааан. Есесіне, бұрындары қыздардың құлағына көрік берген сырға, салпыншақтар еркек атаулының да бұйымына айналғаны да таң емес.
Осымен тоқтай қойса жақсы ғой, қазірде бұл тенденция өршіген үстіне өрши түсуде десек, қателеспейміз. Бұрындары еркектің еншісіндегі мамандықтар, қазір нәзік жыныстыларға жат емес, немесе керісінше.
Ұмытқанымыз жоқ әрине, тың игеру кезінде де біздің талай әпкелеріміз трактордың құлағында ойнап, егіс даласында атой салғанымен, бұл науқандық қана ұран болып, бесжылдықтармен бірге қарасы өшкен тұғын. Десе де, қазір сол кісілердің ізбасарлары қайта тіріліп, нәзік жыныстыларымыз темір тұлпарды қымсынбай тізгіндейтінін бәріміз білеміз. Ерлер де олардан қалыспай ұзынетектілердің жұмысына ауыз салуда.
Бұл "салада" әрине, түрік ағайындар "қара үзіп" барады. Нәзік жыныстылардың кәсібіне олар қол салғанда да мол салды. Мәселен, соның бірі Бурак Асар есімді бала бағушы. Отыз бес жасар Бурак қазірге дейін үйленбеген, негізгі мамандығы электрик технигі. Бірақ қазір бала тәрбиесімен айналысатындар даярлайтын орталықта білім алуда. Негізі бұл курсқа баланың өсу, жетілуі хақында білгенін арттыру үшін келген көрінеді. Қазір білгенін іс жүзіне асыруға әрекеттенуде.
Дәл осы орталықтың түлегі жиырма тоғыз жасар Қорай Гөксу болса, шет елдердегі түрік отбасылардың балаларына бағушы болып қызмет атқарады екен.
«Жүре берсең, көре бересің» деген рас екен. Тек бұл біздің бөріктілердің құлағына тимесін деңіз. Аттары ауыздығымен су ішіп, өздері етігімен су кешкен Абылай ұрпағының дәл бұлай ұсақталғаны жөн емес секілді.

среда, 7 апреля 2010 г.

Футболга жанкуйерлик жыныс тандамайды

Жасырып кайтемиз, биз, казактар кобине «Кыздын жолы жинишке», «Байтал шауып байге алмас» деп етектилерден коп нарсе кутпей, тек оларды асхананын гана айналасынан коргимиз келеди. Туркияда да негизги козкарас осындай деуге болады. Еркектери гана тыста кызмет аткарып, айелдери коп жагдайда уйде еринин жагдайын жасап, бала тарбиесимен айналысады. Бирак оларда футболга жанкуйерлик жыныс тандап жатпайды. Араларында еркекке бергисиз айел фанаттар табылады. Командаларын суйетини сонша, буткил матчтарын жибермейди.
“Галатасарайдын” айел фанаттарынын бири Диляра Ендижан бир продюсерлик орталыкта кызмет аткарады. Матчта еркектен арман оз командасынын намысын жыртам деп ылги дене жаракатын алганына карамастан командасына жактасуын коймайды. «Оздигимнен ешкимди балагаттамаймын алайда биреу менин командама тил тигизсе шыдап тура алмаймын. Бирден “орнына коямын”. Бурындары айел жанкуйерлер аз-ды. Казир олардын саны артты. Жанкуйерлерди айел, еркек деп айырмаймын аслында» дейди онын ози.
“Фенербахче” командасындагы жанкуйер айел дегенинде еске бирден Ясмин Мерчиль туседи. Ол бир мекемеде адвокаттык кызмет аткарады. Фенербахче ойындарынын 1995 жылдан берги туткыны. “Сары-кою коктер (Фенербахче командасынын туси) когамын” курушылардын бири. Уйымда, албетте, бориктилер кобирек. Мерчиль бул уш жуз кисилик уйымда озин уш жуз бауыры бар секилди сезинетинин айтады. Бастабында маган сулулык объектиси секилди карап, созимди манызга алмай, жай гана кулимсиреп, журе тындайтын еди. Казир кай-кайсысы да менин пикириммен санасады дейди. Фенербахче Мерчильдин омиринин ен манызды болиги деуге болады. Барлык шопингтерин Фенербахчеге катысы бар сауда орталыктарынан жасайтын коринеди.
Хатидже Айдын уй шаруашылыгындагы ханым жане Бешикташтын жанкуйерлеринин бири. Ози гана емес, жолдасы мен он айлык кызы да аталмыш команда жанкуйерлери. Хатидже Айдын да командасынын ар матчынан калмайтынын айтады. Жане кызын да жасыл аланнын дамин ала берсин деген максатпен еки айлыгынан бастап матчтарга апара бастапты. Бурындары футболдын бар-жогынан хабарсыз болыпты. Бир рет жолдасымен ерип барган екен, содан бери Бешикташ ойындарынын туткынына айналыпты.

воскресенье, 4 апреля 2010 г.

*********


Сетінеген себетінде көңілдің

Масайрайды мағынасыз жебір мұң.

Ырық бермей сансыратты санамды

Сергелдеңі сен сезбеген сезімнің.


Өруменен үмітімнің бұрымын

Жылдарымды жатыр жұтып ұры күн....

Сен мен үшін болғаныңмен ұлы әлем,

Мен сен үшін көп таныстың бірімін.

(аяқталмады)

Аялдама басында тосып жүрмін


Біле алмадым, қымбаттым, есіміңді,

Кекшіл уақыт кешпеді кешігуді.

Сен кеттің де,мен қалдым елесіңмен

Тербетіп сезім дейтін жесір үнді.


Сананы жеңіп сезім, барады үдеп,

Шырмады сауалдар сан, қамады кеп.

Тұманды да күмәнді барар жағым

Жазғанның жауабы жоқ, сауалы көп.


Біле алмай есіміңді тосылдым мың,

Кейіпкеріне айналдың тосын жырдың...

Келер ме деп өзіңді сол баяғы

Аялдама басында тосып жүрмін.

*********

Тұнып қалған жанарға
сағыныштың шығымен
Тұншығады жастығым,
тынши алмай түнімен.
Ауып түннің жартысы жартысы
Тәтті ұйқыда жатсаң да
Үмітімді дос етіп,
ұялыма үңілем.
Мелшиеді қосылып
жалғыздықпен бұл-дағы,
Қалам жатыр парақпен,
көңілімнен сыр бағып.
Менің музам –
өзіңнен келетұғын sms
кешікпесе,
Атырам таңымды да жыр жазып.

суббота, 3 апреля 2010 г.

АЛДАДЫ...ЖАНЕ АЛДАНДЫ.


Кеше биринши сауир ТОМЕР-де устаздарымыз бизди алдады. Кадимгидей сенип калдык. Сыныпка кирип келип, кажыган турмен бизге ТСS-га катысты жиналыс болып жатыр, мен кешигип келем,-деди де шыгып кетти. Бираз уакыт откен сон кайта кирди де, аркадашлар(жолдастар),ТCS-нын отетин уакытына озгерис енипти, енди бурынгыдай 4-маусымда емес, 26-тамызда болды деди. Наразылык даусы уйымдасып алгандай бир мезгилде шыкты. Ойтпегенде ше, барлыгы демегенмен копшилиги алты айдан бери уйине бармаган.
Айтпакшы, TCS(Турик Джумхуриети сынавы)-ны тусиндире кетейин, биздеги УБТ секилди ар жылы туракты бир мезгилде гана болатын, университетке киретиндер тапсыратын емтихан. Ар жыл тортинши маусымда откизилетин бул сынактын дал “биыл кейинге шегерилгени” баримизди есенгиретип тастады,типти жасы кишилери жылаудын аз-ак алдында калды. Тек Косовадан келген бир кыз гана куанышты екенин айтты. Барлыгы оган немене жетисип куанасын деп тап-тап берди. Ол болса дайындалатын уакыт молаятынын айтадыJ
Ашейинде биринши сабак, устазымызга, бир-бирине комплимент айтып отыратын топтастарымнын енсеси тусип-ак калды.
“Ай, озим де кумын”деген сиякты ходжам(устаз) да ку, баримизди бир коркытып барып, отирик екенин айтты. Баримиз ишимизден биринши апрельди бир сыбап алып, сабагымызды жалгастырдык. Жане жалгыз биз емес, букил сыныптардын устазы оз студеттерин осылай алдапты. Бул идеанын ауели кай ходжадан шыкканы белгисиз. Айтеуир туске таман уш-тортеуи лифт ишинде кездесип калганда биреуси ортага тастаган екен.
Будан сон студенттер де карап калсын ба, олар да устаздарын бир састырыпты. Калай дейсиз гой? Томендегидей. Биздин устимиздеги бир топ пен астымыздагы бир топ аудиторияларын алмастырыпты.Ягни устинги топ астынгынын орнына келипти де, астынгысы устингинин орнына барыпты. Сыныпка кирип келген устазы баска топ отырганын корип, танкалыпты да олардын аудиториядагы бурынгы студенттер кайда деп сураса билмеймиз, бизди мудирлик(биздеги деканат сиякты) осында жиберди депти. Баска топта да дал осы жагдай кайталаныпты. Мудирликке барса, ол жактагылар будан хабарсыз. Еки устаз бир-бирин естиген сон гана ман-жайды угыпты. Баска кун болса жазадан сырт калмас еди, бугин амал не? Сойтип оздеринин “еселерин” кайтарып алыпты.
Мундай кызыктар ТОМЕРде жии болып турады.

четверг, 1 апреля 2010 г.

ФАНАТИЗМДЕ ШЕКАРА ЖОҚ

Бiзде, Қазақстанда фанатизм терминi тек өнер, онда да эстрада алаңынан ғана жиi естiлетiн. Анау әншiге фанаты пәленбай гүл сыйлапты, мынау әншiге фанаты арғымак тұлпар мiнгiзiптi,т.т..тiзiлiп кете бередi. Футболдын айналасынан тек өткен жылы Англия мен Қазақстан құрамасынын өз алаңымыздағы кездесуiнде футболшыларымызға “қарсылас команданын қақпасы қай жерде екенін нұсқағысы келген” Медицина университетiнiн студентi Едiге Райды ғана мысалға келтiруге болады. Ал Түркияда керiсiнше, фанатизм десе алдымен футбол еске туседi. Бұл мақаланы жазуға да фанатизмге қатысты бір окиға себеп болды.
Ереже бойынша әр айдың онына дейiн шәкiртақыға қол қою мiндеттелетiн. Қоймасан, бiр ай шәкiртақыдан қағыласың. Бiтер мерзiмiн тақап барып баратын ескi әдетiммен соңғы күнi қол қоюға барғам, қырсық қылғанда тура түскi үзiлiс басталғалы жатыр екен. Хатшы болса қолыңды қойып, қағазыңды түстен кейiн алып кел деп қабылдамай қойды. Қолымды қоя сап, әке-көкелеп, сағат бiрде сабағым басталатынын айтып құжатты қайтадан алдына тастадым. Ол дағы принципке басып,өзiме қайтарып берiп жатып кенеттен әлдебiр жазуға шұқшиды да, жүзi жылып қоя бердi, сонан соң «Галатасарайлы мысың?(Галатасарайдың жанкүйерiсiң бе?)” деп сұрады. Ойланып тұратын уақыт па, не дегенiн ұгып үлгермей-ақ, басымды изей салдым. Хатшы қыз дереу құжаттарымды қабылдап алды. Былай шыға берiп мұның қалай сәтi түсе қалды деп ойланбаймын ба, бiрақ жауабы кешiкпей табылды. Бар “пәле” қолымнан шығыпты, атым мен сойымды қысқартып латын әрiптерiмен GS дей салатыным бар-ды. Қолды дәл осылай қою Галатасарай жанкүйерлерiнiң өз командаларына берiлгендiгiн көрсететiн көп мысалдын бiрi тұғын. Әлгi хатшы менi сол Галатасарайдын көп фанатынын бiрi деп қабылдаған және өзi де сол команданын жанкүйерi болса керек. Осылайша, “Галатасарайдын арқасында” жолым болып кеткенi бар.
Футбол десе iшкен асын жерге қоятын қызуқанды түрiк халқында команда жанкүйерлерiнiң әрекетi тек Чемпион Fener, Galatasaray деп қол қоюмен шектелмейдi. Соңғы кездерi әр команда жанкүйерлерi бiр-бiрiмен бәсекеге түскендей адам сенбес тәciлдерiмен жұрттың назарын аударуға тырысып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары да бұлардың әрекетiне май құя түсуде. Фенербахче футбол клубының измирлiк бiр жанкүйерi өзiнiң үйiнiң сыртын футбол клубының түсiне, яғни сары жане қою көк реңкке бояса, бүкiл дүниенi өз командасының түсiнде көргiсi келген 34 жасар Джихат Йерликая атты бір фанат сиырын да дәл осы түске бояпты. Өзiнiң де көзі көк, шашы сары екенін мақтан ететін Джихат букіл жанұясымен Фенербахчеден басқа футбол командасын мойындамайтынын айтады. Оның ұлы Халил Ибрахим Йерликая бояуы болса, бүкіл хайуандарды сары-көк түске бояуды армандайтын көрiнедi. Оны айтасыз, Мехмет Баджаксыз атты жанкүйер тiптi отбасы мүшелеpiнiн мазарын осы түске бояған. Марқұм болып кеткен отбасы мүшелерi де кезiнде осы команданың жанкүйерi болғандыктан ол өз әрекетiн өте дұрыс және тапқыр шешiм деп бағалайды екен. Бұл команда фанаттарының назарынан мешiт мұнарасы да сырт қалмапты. Зоңғылдақ атты бiр мекеннiң Джумхуриет махаллесi атты мешiтiнiң мұнарасы аталмыш команданың реңкiне боялыпты. “Фанатик мұнаралы” мешiттiң басқа командаға жанкүйер жамағаты болса бiр даурығып басылыпты.
Сингапурдан арнайы тапсырыспен әкелiнген, үстiнде кетпейтiн бояумен Фенербахче, Галатасарай командаларының аты жазылған фанатик балықтар Түркиянын төрт бұрышының назарын өзiне аударып, Стамбул, Бурса, Чорим қалаларында сатылымға түсiптi. Балықтардың Бешiкташ немесе Трабзонспорлық болмағаны аталмыш команда жанкүйерлерiн әжептәуiр қамықтырған көрiнедi.
Кониялық бiр симит(бiздегi ойық тоқашқа ұқсайтын, көлемі сәл үлкенiрек ұн тағамы) пiсiрушi Фенербахченің чемпион болғанын сары-қою көк түстi симиттер пiсiру арқылы құттықтапты. Фанатик симиттердiң арқасында саудасы жүрген соң симитшi басқа да командалардың түсiнде симит пiсiре бастаған. Жанкүйерлер тарапынан ең көп сұраныс тудырған өтiмдi симиттер Фенербахче жане Коняспор командаларына тиесiлiлерi көрiнедi.
Әлеуметтанушылар, психологтар болса “бояушы бояушы дегенге сақалын бояйдының’’ кебiн киген мұндай асқын фанатизм әрекеттерiнiң соңы жақсылыққа апармайтындығын айтады.