суббота, 21 марта 2009 г.

Ертен Наурыз мейрамы

Наурыз дегеннен шыгады, менін балалык шагым откен Актобе облысы,Темір ауданынын Бабатай дейтін кішкене гана ауылында наурыз мерекесі наурыз айынын 14-інде аталып отілетін-ді.Олай дейтінім, есімде, біз 5-6 сынып окып жургенімізде туске дейін окитындар тустен кейін, тустен кейін окитындар туске дейін ауылдагы барлык 100-ге тарта уйді аралап тугел корісіп шыгатынбыз.Біз аралаган уйлердегі улкен аже-апалар бізге бауырсак,кампит улестіретін. Бул біздін ауылдын кадуілгідей жылда кайталанатын айнымас дастурі болатын.Корісіп дегенде де тос кагыстырып емес, кол алысып корісетін.Ер адамдары да.
Бул корісу салты неге 22-наурызда емес,14-іне орындалады екен деп сол кезде ойланып кормеппін.Ойланбаган сон: неге олай?-деп ешкімнен сурамайтыным да зандылык кой.
Айтпакшы тек балалар гана емес, улкендер де дал осы куні бір-бірін коре калса кол алысатын.Тек біз секілді уй-уйді араламайтын.
Кейін ауылдан кетіп калганымда осы жактагы жерлестеріммен 14-наурыз куні жуздесе калсак кол беріп, жуздеспесек смс-пен "корісіп"туратын едім.Биыл 14-наурыздын калай отіп кеткенін білмей калдым.Тек кеше гана теледидардан наурыз туралы багдарламаларды коргенде гана есіме тусті.21-і куні.Бакандай 5 кун отіпті.Жарайды,мен умытып кетіппін, ал жерлестеріме не болды?Алде олардын да мен сиякты естерінен шыгып кетті ме екен?