понедельник, 15 апреля 2013 г.

Ülkemde Türk dizileri...




Tatilde ülkeme her gittiğimde konu-komşu, eş-dost tarafından çeşitli sorulara maruz kalıyorum. ‘‘Kenan Emirzalıoğlu’yu, Kıvanç Tatlıtuğ’u görebildin mi? Necati Şaşmaz n’apıyor? Hürrem Sultan’ın devamı ne zaman gelecek?’’

Yazının giriş satırlarından tahmin edeceğiniz üzere konumuz Türk dizileri. Orta Doğu ülkeleri gibi, Orta Asya’da da Türk dizileri yaygın bir şekilde izlenmektedir.  Türk dizilerinin büyük ilgiyle izlendiği yerlerden biri de ülkem Kazakistan’dır. 
Ülkemin Türk dizilerine duyduğu ilgi ve sempatinin ilk kalp atışı, başrollerinde Kenan Emirzalioğlu, Zeynep Tokuş gibi ünlü isimlerin yer aldığı  ‘‘Deli yürek’’ dizisidir.
Evimize televizyon ekranından girip hayatımıza yerleşen Brezilya, Meksika, Hindistan gibi başka coğrafyaların dizilerinden sonra  tanıştığımız Türk dizisi“Deli Yürek’i büyük bir misafirperverlikle ağırladık, onu kendi prodüksiyonumuzmuş gibi benimsedik, sahiplendik. Erkeklerimizin dizinin başrol karakteri Yusuf’la aynı ruh ikliminde buluşması zor olmadı. Dizide kardeşliği, misafirperverliği, saygıyı, fedakarlığı, aşkı, samimiyeti, hoşgörüyü temsil eden Yusuf karakteri Anadolu’da yaşayan kardeşlerimizin sembolik ifadesiydi.  Değişik bir karakter olan Kuşçu da sevilen karakterler arasında yer almıştı. Ayrıca filmde öpüşme sahnesinin olmayışı da herkes tarafından takdir toplamış, bizi ortak bir kültür etrafında toplamayı başarmıştı. 
Ondan sonra gelen ‘‘Kınalı Kar’’ dizisi köy yaşamı, oradaki insanların samimi ilişkileriyle nufüsünün çoğu kırsal kesimde yaşayan bizim halk için kendi yaşamıymış gibi his bırakmış ve beğenilerek seyredilmişti. Hatta birbirine Cabbar, Kamber gibi dizideki isimlerle seslenenlerin olduğunu söylersek abartmış olmayacağız.  Bu dizileri takip eden ‘‘Berivan’ dizisinin başrol karakteri Sibel Can’ın örtüsü ‘‘Berivan örtü’’ diye satış raflarında yok sattı. 

Türk dizilerinin toplumumuz tarafından kabul görüp sevilmesini İslami kültür unsurlarına, ortak inanç motiflerine bağlamak mümkündür.  İnanç sisteminin şekillendirdiği adet, gelenek ve göreneklerin de benzerlik göstermesi dizilerin cazibesini kaçınılmaz kılmıştır.
Türk dizileri bahsini ‘‘Kurtlar Vadisi’ne değinmeden geçmek konuyu eksik bırakacaktır.   ‘‘Kurtlar Vadisi”nin yayın serüveni üniversiteyi kazanıp yurda yerleştiğim döneme denk gelmişti. Dizi ilgisi üniversite gençleri ararında yaygınlık göstermediği için bizim dönemde pek teveccüh görmemiş ancak daha sonraları yankı uyandırmıştı. Türkiye’de üniversite okuyacağımı duyan herkesten Polat Alemdar’a bol bol selam doldurdum bavuluma. O günden bugüne  Kurtlar Vadisi hala izlenme rekorunu kimseye devretmiş değil. 
Zamanla diziler artarak yaygınlık kazandı. Niceliği arttıkça  niteliği azalan bu dizilerin hiçbiri bizde ne yazık ki ilk göz ağrımız‘‘Deli Yürek’’le kurduğumuz duygusal ortaklığa yakın bir imaj yakalayamadı. Terbiyenin yerini ahlaksızlığa bırakması, sadakatin aldatmaya dönüşmesi, flörtöz ilişkilerin insan doğasına aykırı bir hal alması, dostlukların ihanete evrilmesi, ikiyüzlülük, yalan, hırs gibi toplumsal yaşantımızda kabul görmeyen negatif unsurların dizilerin popüler temasını teşkil etmesi ülkemizin dizi motivasyonunu baltalamıştır. 
Dizideki karakterlere özenen ergenlerin davranış kalıplarındaki negatif etkileri fark etmeye başlayan aileler Türk dizilerini yazılı basında protesto etmeye başladı. Buna rağmen izleyici kitlesini afyon etkisini gösteren bu dizi müptelalığından kurtarmak pek kolay olmayacaktır. Bazı kesimlerin bilhassa yaşlıların vakit geçirmek için izlediği bu dizilerin ömürleri ne kadar sürer, bilinmiyor. 
Şimdilerde ise en popüler sorunun öznesini Sultan Süleyman oluşturuyor. ‘‘Kendi dertlerim yetmezmiş gibi şimdi başıma Fatmagül’ün derdi eklendi’’ esprisi ise Fatmagül’ün hala aktüel olduğunu göstermeye yetiyor. 

четверг, 11 апреля 2013 г.

Массажисттен кейін команда басына яки ескі қақпашы, яки бұрымды...


«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» деген сөз бар. Галатасарайдың қазіргі халін осы мәтел дәл сипаттайды. Реал Мадридпен қонақ алаңда теңбе-тең, өз алаңында басым ойнаса да жартылай финал бұйырмаған Джимбомдықтарға(Галатасарайдың лақап аты-ред) қолынан келген әркім Супер Лигада да чемпиондықты бермеу үшін барын салып бағуда. Сезонның алғашқы жартысын бірінші болып бітірген, екінші жартысында да лидерлік тәжін ешкімге бермеген аталмыш команданың әр матчы дербиге бергісіз өтетін болды. Соның бірі Ордуспор командасымен болған кездесу. Галатасарайдың алаңында ойналған аталмыш матчта төреші алғашқы қырық бесте есепті 2-0 етіп, қонақ команданың пайдасына шешіп берді. Төреші Серкан Шынардың ашықтан ашық бүйрегі бұра тартқанын көрген Галатасарай бапкері Фатих Терім қарсылық білдіріп, үзілісте төрешіге батырыңқырап сын айтқан болатын. Мұны көтере алмаған төреші «Императорды» трибунаға жолдады.
Ал ойынның екінші жартысында жағдай мүлдем өзгерді. Ашуға мінген Галатасарайлықтар 45 минутта Ордуспордың қақпасына төрт голды бірден тоғытты. Осылайша Һәм Ордуспорды, һәм төреші Серкан Шынарды жеңген Галатасарай жайлы ертесінде газеттер «Шынарды құлатты» деп жазды.
Аталмыш матчта Фатих Теримге үш матч жаза берілді. Фатих Териммен бірге орынбасары Хасан Шаш та жазаның қамытын киді. Үш матч бойы команданы Үміт Давала баптады. Тіптен, қызығы сол, Кайсеріспормен кездесуде командасымен бірге бола алмаған Фатих Теримнің орнына Моуриньо аяқдопшылар шешінетін бөлмеге кеп ойынға сәттілік тіледі. Өйткені Фатих Теримге ол жерге кіруге де тыйым салынған болатын. Ал Моуриньо ЧЛ ширек финалдан бұрын Галатасарайды бақылау үшін келген-ді.
Жазасы бітті, Фатих Терим қайтадан шәкірттерінің жанына оралды. Алайда сезонның бітуіне жеті апта қалғанда аталмыш сценарий қайтадан қайталанды. Аутсайдер МерсинИдманЮрдымен өткен кездесуде Галатасарай 3-минутта қақпасына гол өткізіп алды. Бұрыштамадан ұрылған допты басымен көлегейлеймін деп Гөкхан Зан қақпашы Муслераны жаңылтты. Гөкхан Зан допқа тосқауыл бола алмады, доп домалап барып Мерсиндік футболшы Бурханға дөп келді. Ал Бурхан болса қақпаны дәл көздеді. Шәкірттерінің үсті-үстіне жіберген қателері, бұған қоса төреші Сүлейман Абайдың ереже бұзған қонақ командаға жасамаған ескертулері Фатих Теримнің сабырын түгесті. Хамиттің кезекті қателігінде шыдап тұра алмаған «Император» допты қолымен алып жерге ұрған болатын. Сол себепті Сүлейман Абай Фатих Теримді трибунаға жолдады. Фатих Теримнің орнында Хасан Шаш қалды. Сүлайман Абайдың қитұрқылықтары жалғасқан үстіне жалғаса түсті. Қонақ команданың ойыншылары олай да былай да ойқастайды, төрешіден реакция жоқ. Ал Галатасарай ойыншысы «тиіп қойса қонақ ойыншылар кіш етіп қояды», ал бұған Сүлайман Абайдың сары карточкасы дайын. Қонақ команда ойыншысы допты алып Галатасарай қақпасына беттеп бара жатқан-ды. Қорғаныстағы Дани оған бөгет болайын дегенде аяқдопшы құлап түсті. Сүлайман Абай Даниды қызыл карточкамен ойыннан аластатты. Көше футболындағы төрешінің біліктілігінен де төмен шешімдер Хасан Шаштың да сабырын тауысты. Бұл жолы Хасан Шаш трибунаға... Үміт Давала қалды. Алайда Давала да көп шыдап тұра алмады, кезекті шешімдердің бірінде мойнындағы ТФФ карточкасын жерге лақтырды. Оның да баратын жері белгілі. Алғашқы тайм 1-0 есебімен МерсинИдманЮрдының басымдығымен аяқталды.
Екінші қырық бесте күшіне мінген Галатасарайлықтар, үсті-үстіне үш гол соғып, төрешісінен бастап барлығының аузына құм құйды. Ал осы таймда алаң иелерінің жаттықтырушысы кім болғанын болжай аласыз ба? Массажист! Ол һәм жарақат алған футболшыларға һәм шипа, һәм тактика үйретіп, футбол тарихында қалды.
Галатасарайдың кезекті матчы Карабукспор алаңында. Лидер командаға келгенде түймедейді түйедей көретін Федерация(ТФФ) Фатих Теримді, Хасан Шашты және Үміт Даваланы жазасыз қалдырмайтыны анық. Егер үшеуі де жаза алатын болса команда ескі қақпашы Клаудио Таффарельге, тіптен болмаса бұрымды бапкер Дуйгу Ердоғанға аманатталатыны айтылуда.
Қалай дегенмен де Еуропада Моуриньоның көзін қорқытқан, Супер Лигада 55-аптадан бері лидерлікті ешкімге ұстатпай келе жатқан Галатасарайды чемпиондыққа бұл сезон да ең лайық екеніне ешкім дау айта алмайды. Алайда түріктердің мәтелімен айтсақ, «үйдегі есеп базардағымен сәйкеспей», яғни ТФФ-ның жоспары Супер Лига есебімен сәйкеспей жатқан соң аяқтан шалатындарға өліспей беріспейтіндігін көрсеткен Галатасарайдың халін футбол сарапшылары «Арыстан(Галатасарай-ред) бүкіл орманға қарсы» деп дәл сипаттайды. 

понедельник, 18 марта 2013 г.

Галатасарай һәм Чемпиондар Лигасының Ширек Финалы. Сондай-ақ Супер Лиганың есебі.


Галатасарай Чемиондар Лигасының ширек финалында Реал Мадридпен күш сынасатын болды. Еуропа Лигасындағы Фенербахче болса, Италияның Лациосымен жұптасты. Түріктің екі бірдей командасы ширек финал билетін қалтасына басқалы Анадолы футболсүйерлерінде маза жоқ. Реалмен жұптасқан Галатасарайдың алғашқы ойыны корольдік клуб алаңында өтеді, ал қарымта матч біраз думанға себеп болғалы тұрғаны анық. Маңызды матч билеті десе астындағы тойын сойып беретін түрік жанкүйерлері үшін билет табу машақаты қазірден басталып кетті. Матч билеті сатылымға әлі шыққан жоқ әлбетте. Бұған дейін Еуропа Лигасында өнер көрсетіп Супер кубокты жеңіп алған Галатасарай үшін Реал таңсық қарсылас емес. Бұған дейін де Али Сами Йенде Арыстандардың (Галатасарай-ред) күшін көрген-ді Корольдік клуб. Десе де ол құрамнан қазір ешкім қалған жоқ. Есесіне қазіргі құрамда сұрмергендер сапында Роналдумен бәсекеде дес бермеген Бурак Йылмаз, бұл бәсеке титулын бұрын да иемденген Дрогба және кәрі құрлық тарландарының бірі Шнейдер бар.
Кеше Супер лигада 26-аптаның ойындары аяқталды. Галатасарайды Кайсеріспор қонақ қылды. Мачты көруге Реалдың бапкері Жозе Моуриньо келді. Сенбі күні Реал-Мальорка кездесуін көруге Галатасарайдың бапкері, Император лақабымен жақсы таныс Фатих Терим де Мадридке жол тартқан болатын. Моуриньоға шоу көрсетуге бел байлаған Галатасарай алғашқы таймда-ақ 3-минутта соғылған Шнейдердің, 23 және 38-минуттарда соғылған Бурактың голымен матчты бітірді. Кездесудің 31-минутында Бешікташтың ескі футболшысы Бобоны қызыл карточкамен төреші Мете Калкаван ойыннан аластатты. Осылайшы он кісі қалған Кайсеріспор Галатасарайға  тегеурінді қарсылық көрсете алмады. Үзіліске дейін дәптеріне мачты түртумен болған Моуриньо кездесудің біткенін күтпей стадионнан кетті.
Бір айта кетерлігі мұнан бұрын жаза алған Фатих Терим командасының матч барысында командасының ойынын шәкірттерінің жанынан емес, жабық трибунадан көрді. Сәйкесінше аяқдопшыларының киім ауыстыратын бөлмесіне де кіре алмайтын-ды. Есесіне Моуринье келіп Императордың шәкірттеріне кездесуден бұрын сәттілік тіледі. Бұдан қанаттанған Моуриньенің экс-шәкірттері Шнейдер мен Дрогба матчта бас бармақпен бағалауға болатын ойын өрнегін көрсетті. ЧЛ-да Роналду мен сұрмергендік атақты бөліскен Бурак Супер Лигада да жүрісінен танбай келеді. Аталмыш екі голмен ол 16 рет қақпаны дәл көздеді және бірінші орынға жайғасты. 8 ресми мачта арт-артына 9 гол атқан Бурак Йылмаз Моуриньоның да назарына ілікті. Келесі сезон Реалдың сапынан көрсек таңғалатын ештеңесі жоқ.
Нәтижесі мұнан да өзгерек болатын бұл матчта Джим-бомдықтардың (Галатасарай-ред) мүлт кеткен соққыларында да есеп жоқ. Кездесудің соңғы минуттарында босаңсыған олар Кайсеріспорлық Бисесвардың голына тосқауыл бола алмады. Осылайша матч 3-1 есебімен аяқталды. Матч соңында Галатасарайды қалай бағаладыңыз деген журналистерге Моуринье пікірін «қиын, өте қиын» деп бір-ақ сөзбен білдірді.
Осылайша Галатасарай ұпайын 50-ге шығарды және әлі көш басында келеді. Онымен құйрық тістесіп келе жатқан Фенербахче болса Антальяспордың алаңындағы 2-1лік жеңісімен ұпайын 46-ға шығарды. Фенербахченің голын Муса Соу мен жас аяқдопшы Салих Учан атты. Айта кетерлігі Салих Учан Фенербахченің Еуропа Лигасы ширек финал жолдамасында  да бас рөлді ойнаған-тын.
Бешікташ болса Қасымпашадан айласын асыра алмай екінші орынды Фенербахчеге босатты. Маусымның бітуіне 8 апта қалды. Биылғы жылы да чемпиондық бәсекесі Галатасарай мен Фенербахченің арасында өтетін түрі бар. Бешікташ 43 ұпаймен үшінші орында. Қаратеңіздің абыройын Супер Лигада тым жақсы қорғап келе жатқан Трабзонспорда істер қожырап кетті. Команданың бапкері Шенол Гүнеш кетіп, орнына келген Газиантепспордың ескі бапкері Толунай Кафкас Трабзонспорды батпақтан алып шыға алмады. Өткен аптада ғана Бурсаспорға есе жіберген Қаратеңіз командасының жақын арада ширамаса 1-лигаға сырғуы әбден мүмкін.
Ал біздің Самат пен Давид Лория доп тебетін тағы да бір Қаратеңіздің команда 1-лигадағы Ризеспор тәжірибелі бапкер Мұстафа Денізлі келгелі бойына қан жүгіріп, Супер Лигаға шығуға тырысып бағуда. Әзірше үшінші орындағы аталмыш командада 18-нөмірде ойнайтын Самат пен 1 нөмірлі қақпашы Лория  футбол сарапшыларынан да оң баға алып жүр.

суббота, 9 июня 2012 г.

Стамбул


Аңқыған тарихтың иісі.
 Стамбұл - тәңірдің сыйы шын
 Тұлғалы Топкапы сарайы,
Еңселі Румелі мүйісі.
 Тербетер Галата көпірін,
Думанды жанкүйер нөпірі.
Ойнайды бұғазда делфиндер
Мұхиттың адасқан өкілі.
 Басатын құмарын қазының
 Дап-дайын кәуабы, мәзірі.
Баклава тәттінің патшасы,
Жанында күрең шай-уәзірі.
 Күлімкөз даяшы сыйы кең,
Қонақжай құшаққа сүйінем.
Аңқиды хорхордың иісі
Тербеліп Дервиштің биімен.
 Көмкерер тұманы теңізін,
Ах, шіркін, Мәрмәрім дегізіп.
Азанның дауысы алқапқа
Жайылып жатады тегі ұзын. 
Жұмада жиналып бастары,
Мешітке жөңкілген жас-кәрі.
Стамбұл-сен менің бітпейтін
 Студент шағымның дастаны.

вторник, 13 марта 2012 г.





Түркияда білім алып жатқан қазақ студенттерінің «Сана» атты клуб құрғаны бұдан бұрын да ақпарат беттерінде жазылған болатын. Тұсауы кесілгеніне ай толып үлгермесе де аталмыш клуб бірнеше шара өткізіп үлгерді. Ғылыми-танымдық конференциялардан бөлек, спорттық-мәдени шараларды да қалыс қалдырмауды жөн көрген олар тұсаукесерден кейінгі алғашқы отырысын «Алашорда және Мұстафа Шоқайға» арнаса, онан кейінгі кейінгі аптада шаңғы тебу үшін жиналды. «Алашорда және Мұстафа Шоқай» атты конференцияның қонағы шоқайтанушы-ғалым, Мимар Синан Университетінің оқытушысы, просфессор Абдуақап Қара болды. Мұстафа Шоқай жайында бірнеше кітабы жарыққа шығып, түрлі тілге аударылған Абдуақап ағай Алашорда қайраткері жайлы көпшілігіміз біле бермейтін қырларын да сөз етті. Тек тарих бөлімінің студенттері ғана емес жалпы студент қауымының терең қызығушылығын тудырған аталмыш шарада ғалымға сұрақтар қарша борады.
Мұнан бөлек студенттер бір жексенбісін шаңғы тебуге арнады. Біз қазақтар «Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?» дейтініміз бар, алайда түрік бауырларымыз Ұлытауға «ұлар етін жеу» үшін емес, шаңғы тебуге барады. Бурса қаласының баурайындағы Ұлытау қар дегенді сирек көретін Ыстамбұлдықтар үшін шаңғы тебуге таптырмайтын орын. Шаңғы теуіп, түрлі ойындар ойнап, сергіп қайтқан студенттер үшін «Сана» клубының тағы бір артықшылығын айтпай кетуге болмас. Мұнан төрт бес жыл бұрын келген үлкен буын мен өткен жылы келген немесе биыл тіл үйреніп жатқан дайындық курсының студенттерінің арасында байланыс үзіліп, бір-бірін танымайтындай халге жеткен-тұғын. Автобуста, яки басқа жерде көрісе қалса бір бірін танымайтын олар «Мүмкін қырғыз шығар?» немесе «әй, қазақ болса әуелі өзі кеп таныссын» дегендей жалаң намыс, жарға жығар тәкаппарлықпен сәлемдеспей өте шығатын. Аталмыш клубтың арқасында екі буын бір-бірімен жете танысып, қайнасып, кішілер үлкендерден ақыл сұрап, үлкендер кішілерге қамқорлық көрсетіп, осылайша байланыстың бойына қан жүгіріп, көз қуантар болды.
Онан кейінгі кештердің қатарын ұлдардың сегізінші наурызға арналған концерті толықтырды. Түрік елінде тойланбайтын бұл мерекені атамекенінен жырақта жүрген қыздарымызға ақ пейілдерімен сездіре алған аталмыш кеш барлығының көңілінен шықты. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арналған концертке арнайы келген Майра Ілиясова, Өмірқұл Айниязов, Меруерт Түсіпбаева ұлдарымыз дайындаған концертке де ат басын бұрды. Мұнан бөлек ұлдардың өз қолымен пісірген палауы, дайындық курсының жігіттері әзірлеген КВН шараның әрін кіргізді.
«Сана» клубының кезекті шарасы алда келе жатқан Наурыз мерекесі. Төл мерекемізді өз деңгейінде өткізу үшін клуб мүшелері бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кетті. Ыстамбұлға биыл келген, тіл үйрену үшін дайындық курсында оқып жатқан студенттердің уақыттары молырақ болғандықтан, әрине, университте оқып жатқан студенттерге қарағанда белсендірек.
«Наурыз» мейрамынан кейін клуб кезекті отырысын тілге арнамақ. Онан кейінгі шаралардың бірі тағы мәдени сипатта, Қозы Көрпеш Баян сұлу күніне арналады. Ол шарадан кейінгі отырыстарда Қазақстаннан Айдос Сарым, Ерлан Қарин секілді ұлтжанды саясаттанушыларды шақыру жоспарда бар. Бұл шаралардың өтуіне мұрындық болатын негізгі ұйымдастырушылары клуб президенті Ержан Қалымбайұлы мен Ыстамбұлдағы студенттер жетекшісі Бауыржан Сарқытұлы екенін айта кету керек.

воскресенье, 26 февраля 2012 г.

28-аптаның есебі һәм дерби




Түркия Супер Лигасындағы 28-апта ойындары мейлінше қызықты өтті. Лидер Галатарасайды өкшелеп келе жатқан Фенербахчені Ескішехірспор сүріндірсе, Трабзонспор Мерсин Идманюрдына тісін батыра алмады. Аптаның шымылдығы Галатасарай-Бешікташ матчымен жабылды. Футболсүйер қауым тағатсыз күткен екінші дербиде Галатасарай қонақжайлық таныта қойған жоқ. Фенербахчемен ойнаған матчта ұпай олжалай алмаған Бешікташ Галатасарай алаңынан да құр қол қайтты.
Дербидегі ең алғашқы голдың авторы Эльмандер атанды. 15 минутта қарсылас қақпасынан саңылау таба алған Эльмандер аталмыш матчтың жұлдызы еді десек артық айтқандық емес. Команданың үш ұпайындағы Эльмандердің үлесі барлығынан басым екендігі дау тудырмайды. Өйткені 90+1дегі командаға жеңіс сыйлаған голдың авторы да осы Эльмандер болатын. Түркия Футбол Федерациясының шешімімен дербиге қонақ команданың жанкүйері кіре алмайтын-ды. Сондықтан Галатасарай жанкүйерінің қолдауын барынша сезіне алғандықтан матч бойынша жанды, еті тірі ойнауы да заңдылық еді. Жасыратын несі бар, Бешікташтың кей кездері сылбыр тартып қалғаны байқалды. Алғашқы жарты 1-0 нәтижесімен бітті. Екінші жарты бастала салысымен Ибрахим Тораман Куарежманың көмегімен есепті теңестірді. 52-минутта Сельчук Инанның пасын Фелипе Мело голға айналдырып, алаң иелерінің есебін еселеді: 2-1.
73 минутта Куарежманың оң қапталдан жаза алаңына тепкен добына тосқауыл қоюға әркеттенген Семих Кая өз қақпасына гол соғып есепті теңестірді: 2-2. 90+1де Эльмандер Сельчуктың сол қапталдан тепкен добын басымен қақпаға жолдады. Есеп 3-2. Осылайша дәу дербиде алаң иелері жеңісті олжалады. Матчта Галатасарайдың үш ұпайында Эльмандердің рөлі зор екенін айтсақ, Бешікташтағы Куарежма да 90 минут бойы атына лайық ойын өрнегін көрсетті.
Аталмыш ойыннан кейін Лидер Галатасарайдың Фенербахчемен арасындағы ұпай айырмасы 9-ға, Бешікташпен ұпай айырмасы 14-ке шықты.
Матчта стадионның пегасус трибунасынан ашылған Фатих Теримнің мүсіні мен футболшылардан құралған 3D плакат пен шоу ойынға рең қатты деуге болады. Аталмыш шоу команда бапкері Фатих Теримнің көзіне жас алғызбай қоймады.
Мұнымен қоса, дерби кикілжіңсіз, қос команда аяқдопшыларының ойын барысында бір-біріне деген құрметімен есте қалды.