
Біле алмадым, қымбаттым, есіміңді,
Кекшіл уақыт кешпеді кешігуді.
Сен кеттің де,мен қалдым елесіңмен
Тербетіп сезім дейтін жесір үнді.
Сананы жеңіп сезім, барады үдеп,
Шырмады сауалдар сан, қамады кеп.
Тұманды да күмәнді барар жағым
Жазғанның жауабы жоқ, сауалы көп.
Біле алмай есіміңді тосылдым мың,
Кейіпкеріне айналдың тосын жырдың...
Келер ме деп өзіңді сол баяғы
Аялдама басында тосып жүрмін.
Комментариев нет:
Отправить комментарий