пятница, 30 апреля 2010 г.

ДАНЫШПАН МЕН САРАҢ АДАМ

Асқан бай бірақ сараң адам данышпанға келіп ақыл сұрайды.
Данышпан оны терезенің алдына әкеліп:
– Терезеге қара, не көріп тұрсың? – деп сұрайды.
– Жолдан арлы-берлі өткен жүргіншілерді және жолдың шетінде алақан жайып отырған тіленшіні көріп тұрмын, – деп жауап береді бай.
Данышпан басқа бір бөлмеге кетіп, үлкен бір айнамен оралады да сараңнан:
– Ал бұл айнадан не көріп тұрсың? – деп сұрайды.
– Өзімді
– Көрдің бе, айна да, терезенің әйнегі де бір зат, яғни шыныдан жасалған. Бірақ айнаның үстінде жұқа күміс қабаты бар. Сол себепті өзіңнен басқаны көре алмайсың. Дәл сол секілді, асылында адамның жүрегі де мөлдір. Алайда алтын-күміс секілді дүние әшекейлерімен жүрегімізді қаптасақ, өзімізден басқа ешкімді көре алмаймыз... Яғни берер ақылым, ол жүрегіңді тазала, – деген екен сонда данышпан.

Комментариев нет: