понедельник, 12 апреля 2010 г.

Бала бағушылық ерлердің кәсібі ме?


Алғаш естігенімде таң қалдым, құрбым Айгерім болса, мұнайды тек түріктерден күтуге болады деді.Ескіде әйел мен ер жынысының міндеттері, айналысатын істері, киімдері, құлықтары мен қылықтарына дейін бір-біріне ұқсамайтынды. Қазір анау айтқандай айырмашылық байқала бермейді. Ерлер киетін шалбарды төмен етектілер кию модаға айналғалы қашшшшшшааан. Есесіне, бұрындары қыздардың құлағына көрік берген сырға, салпыншақтар еркек атаулының да бұйымына айналғаны да таң емес.
Осымен тоқтай қойса жақсы ғой, қазірде бұл тенденция өршіген үстіне өрши түсуде десек, қателеспейміз. Бұрындары еркектің еншісіндегі мамандықтар, қазір нәзік жыныстыларға жат емес, немесе керісінше.
Ұмытқанымыз жоқ әрине, тың игеру кезінде де біздің талай әпкелеріміз трактордың құлағында ойнап, егіс даласында атой салғанымен, бұл науқандық қана ұран болып, бесжылдықтармен бірге қарасы өшкен тұғын. Десе де, қазір сол кісілердің ізбасарлары қайта тіріліп, нәзік жыныстыларымыз темір тұлпарды қымсынбай тізгіндейтінін бәріміз білеміз. Ерлер де олардан қалыспай ұзынетектілердің жұмысына ауыз салуда.
Бұл "салада" әрине, түрік ағайындар "қара үзіп" барады. Нәзік жыныстылардың кәсібіне олар қол салғанда да мол салды. Мәселен, соның бірі Бурак Асар есімді бала бағушы. Отыз бес жасар Бурак қазірге дейін үйленбеген, негізгі мамандығы электрик технигі. Бірақ қазір бала тәрбиесімен айналысатындар даярлайтын орталықта білім алуда. Негізі бұл курсқа баланың өсу, жетілуі хақында білгенін арттыру үшін келген көрінеді. Қазір білгенін іс жүзіне асыруға әрекеттенуде.
Дәл осы орталықтың түлегі жиырма тоғыз жасар Қорай Гөксу болса, шет елдердегі түрік отбасылардың балаларына бағушы болып қызмет атқарады екен.
«Жүре берсең, көре бересің» деген рас екен. Тек бұл біздің бөріктілердің құлағына тимесін деңіз. Аттары ауыздығымен су ішіп, өздері етігімен су кешкен Абылай ұрпағының дәл бұлай ұсақталғаны жөн емес секілді.

Комментариев нет: