среда, 25 февраля 2009 г.

Санак басталды

Бугін корпус жактан отіп бара жатсам, корпустын ішіндегілердін барі тайлы таягы калмай сыртка шыгып алыпты. Жер сілкінісі болайын деп жатыр ма, бул не деп зарем калмай тез-тез журіп калашыктан шыгып кеттім. Озім бір жакка асыгап бара жаткандыктан сол жерде тургандардан сурауга да мурша болмады. Мана тустен кейін "Жас казакка" барганымда санактын басталганын естідім де, сонын дурбелені болар деп жорып койдым. Санаса санасын, бірак жогарыдагыдай етіп сыртка шыгарып койып кой санагандай санаганы кызык екен...
Жалпы санак ресми турде бугін басталганымен жер-жерде алдекашан басталып койганга уксайды. Мен Кордайда кыскы каникулда (шамамен кантардын 4-5-тері) жургенімде санак алушылар келіп кеткен болатын.
1999 жылы санак болган кезден есімде калганы(ол кезде мен 11 жаста екенмін) санак біткен куні акімшілік кызметкерлері(онын ішінде менін ата-анам да бар) кадуілгідей дастархан жасап тойлаткан. Санакты ойдагыдай откізгендерін мейрам кылды ма, алде елді мекен тургындарынын саны межелі корсеткіштен асып, соны тойлады ма, онысы маган беймалім.Тек тойлаганы гана есімде.

Комментариев нет: